Пятница, 26 октября 2018 11:41

Семейде БЛКЖО-ның 100 жылдығы аталып өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 24 қазанында Семейдегі Абай атындағы театрда БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ҚКХП Семей қалалық комитетінің ұйымдастыруымен және «СМЗ» АҚ бас директоры Нұрлан Омаровтың қолдауымен өтті. Мерекелік іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Барлық қатысушыларға «Комсомолға 100 жыл» атты төсбелгілер мен комсомол туралы әндер жазылған дисктер табысталды.

Театрдың фойесінде комсомолдың ерен ерлігін бейнелейтін «Это наша с тобой биография» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Мерекенің ресми бөлігінде ұйымдастыру комитетінің жетекшісі 26 ардагерге «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстады. Ал ҚКХП Семей ҚК хатшысы О.В. Шишкина партия мен Жастар қанатының 17 белсендісін медальдармен марапаттады.

 Іс-шара соңында қаланың хор және музыкалық-театр студиялары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламада комсомолға арналған кеңес композиторлары мен ақындарының шығармалары орындалды.

Semey100Let 2Semey100Let 2

Прочитано 22 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.