Суббота, 27 октября 2018 11:08

Тұрғын Сыздықовтың Атырау облысындағы іс сапары Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

23 қазан күні ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Тұрғын Сыздықов өзінің Атырау облысындағы іс сапары барысында ҚКХП Атырау облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. 

Жеке қабылдау барысында жергілікті басқару органдары мен өзге де құзыретті органдарда шешілуді талап ететін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді. Барлық өтініштер депутаттың жеке бақылауына алынды.

Кейін депутат Атырау инженерлік-гуманитарлық институты басшылығының шақыртуымен ЖОО ұжымы мен студенттерімен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Мемлекет басшысының 5 қазан күні жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттер туралы хабардар етті.

- Бұған дейінгі Жолдауларда кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы қолдау сияқты бастамаларға басымдық берілетін. Соңғы Жолдау барлығымыздың күнделікті өмірімізге қатысты нақты іс-шараларды қамтиды. Университеттерге академиялық еркіндік беріледі. Қазіргі таңда кейбір салаларда мамандар тапшылығы байқалып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындары үшін мамандар даялау сапасын арттыру мақсатында ЖОО қызметін бағалаудың бірден бір критериі түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі болады. Орта білімге келетін болсақ, реформалар тәжірибесі тоқтатылып, Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылатын жүйе енгізіледі, - деп хабарлады Тұрғын Сыздықов кездесу барысында.

24 қазан күні депутат Махамбет ауданындағы «Алмалы құс» фабрикасында болып, жұмыс үдерісімен танысты. Серіктестік жетекшісінің сөзінше, «Алмалы Құс» ЖШС құс фабрикасының жобасы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылған. Құс фабрикасы – «Атырау» ӘКК (49%) мен «Жігер» ШҚ-ның (51%) ортақ жобасы.  Жоба негізінде 45 жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта өндірісті кеңейту жоспары бар, яғни аудан тұрғындары үшін тағы да тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Сонымен қатар депутат Т.Сыздықов Нұрсая шағын ауданындағы Атырау облыстық ІІД-нің жаңа ғимаратында болды. Қонақ Әкімшілік және Көші-қон полиция басқармасының жұмысымен танысып, қатардағы қызметкерлермен баспана, еңбек жағдайы мен жалақы жайында сөйлесті. Офицерлермен кездесу барысында халық қалаулысы Мемлекет басшысының Жолдауында ІІМ басшылығының алдына қойылған міндеттер жайлы түсіндіріп өтті. Депутат тәртіп сақшыларын халыққа жақын болуға шақырды. Полиция қызметкерлерінің де  полиция саалсындағы реформалар жайында пікірлерін білді. 

AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34AtirSyzdPos 34

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.