Пятница, 26 октября 2018 15:12

Өскеменде «Комсомол мәңгі жас!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

25 қазан күні ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті комсомолдың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның басты мақсаты ағымдағы жастар саясатын талдау, оны БЛКЖО қызметі негізінде кеңестік тәжірибемен салыстыру болды. Отырысқа облыстық бюро мүшелері, ҚКХП мен Жастар қанатының белсенділері, партия және комсомол ардагерлері, саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ  қатысты. ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов іс-шара қонақтарына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты. Бірінші хатшы өзінің баяндамасында тарихта Лениндік комсомол сияқты қуатты жастар қозғалысының басқа үлгісі жоқ екендігін, ондаған жылдар бойы көптеген жас ұрпақ үшін өмір мектебі болғандығын атап өтті.

- Комсомолдықтар елмен бірге азаматтық соғыс жылдарында кеңес билігі үшін күресті, алғашқы бесжылдықтар құрылысында ерен еңбектің үлгісін көрсетті, Ұлы Отан соғысы майданында қаза болды, бірақ жауға берілмеді, соғыстан кейін елді қайта көтерді, тың игерді, жаңа қалалар салды. Әрбір тарихи кезеңде комсомол өз қатарынан ерлігімен көзге түскен мыңдаған қаһармандарды шығарып отырды, - деді спикер.

ҚКХП ШҚОБ екінші хатшысы Сергей Михеев негізгі баяндаманы комсомолдың кеңес заманындағы рөлі туралы мағлұматпен толықтырды. Сонымен қатар ол қазіргі жастар саясатының кем тұстары, мемлекеттік бағдарламалар мен ҚКХП-ның Жастар қанаты туралы сөз қозғады.

Аймақтық обкомның Жастар қанаты жайлы толығырақ оның көшбасшысы Зарина Тұрарова айтып берді.

Қатысушылар талқыланған тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды. Кейін Шыңғыс Байдәулетов партияның құрметті мүшелеріне,  ҚКХП Жастар қанатының белсенділері мен аймақтық қоғам өкілдеріне БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табыстады.

VKOVechMKoms 6VKOVechMKoms 6VKOVechMKoms 6VKOVechMKoms 6VKOVechMKoms 6VKOVechMKoms 6

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.