Понедельник, 29 октября 2018 19:14

Астанада «Красная волна» халықаралық рок-фестивалі өтті Избранное

Оцените материал
(2 голосов)

28 қазан күні Астанада Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар одағының 100 жылдығына орай Қазақстан Коммунистік жастар одағының ұйымдастыруымен «Красная волна» ROCK-FEST музыкалық фестивалі өтті.

Іс-шара Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қатысуымен ұйымдастырылды. Фестивальдің бас демеушісі «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС болды.

Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайтын сайыс осы жылдың мамыр айында басталды. Іріктеу кезеңге қатысуға шамамен 30 өтініш келіп түсті. 2018 жылдың 1 қазанында іріктеу кезеңі аяқталып, финал қатысушыларының тізімі белгілі болды.

«Красная волна» рок-фестиваліне Қазақстан мен Ресейдің 10 музыкалық ұжымы қатысты. Әділ-қазылар алқасы құрамында «Мотор-роллер» рок-тобының көшбасшысы Ильяс Аутов, ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаты, ҚКХП ОК Хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков болды.

Іс-шараны ҚКХП ОК Хатшысы, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының көшбасшысы Айқын Қоңыров ашты. Ал Ильяс Аутов қатысушыларға сәттілік тілеп, музыкалық кештің шымылдығын ашты.

– Қатысушылар арасынан үздіктерді таңдау қиынға соқты. Бірақ жеңімпазды анықтау керек. Сондықтан жеңіске жетпеген топтар еңселерін түсірмеуі тиіс. Жеңілгеннің  де пайдасы бар. Мен 25 жылдан бері рок-н-роллмен айналысып келемін, жеңіліссіз шарықтау болмайды. Бұл жеңіліс жаңа жетістіктерге серпін беруі тиіс, - деді сайысты  қорытындылай келе  радиожүргізуші және отандық рокер Ильяс Аутов. 

Бірінші орын және 500 000 ақшалай жүлде Челябинсктен келген «Unperfectum» тобының қатысушыларына бұйырды.

- Керемет кеш үшін үлкен рахмет! Біріншіден, әділ-қазылар алқасына алғыс айтқым келеді. Екіншіден, рок-фестиваль ұйымдастырушысы Қазақстан Коммунистік жастар одағына және барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Өнерлеріңіз үстем болсын, тыңдармандарды таң қалдыра беріңіздер! – деді І орын жеңімпаздарын марапаттау сәтінде «Астана электротехника зауыты» ЖШС маркетинг, PR және жарнама менеджері Дилара Сыздықова.

Целиноград ауданының Родина ауылынан келген «The Light Off»  тобы ІІ орынды, ал көкшетаулық «ГАРАЖ» рок-тобы ІІІ орынды иеленді. Екінші орын жеңімпаздары 300 мың теңге, ал үшінші орын – 200 мың теңге ақшалай сыйлық алды.

Тележүргізуші Санди Сұлтан да жеңімпаздар мен қатысушыларды  құттықтады:

- Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын! Бүгін керемет өнер көрсеттіңіздер.   Біз бүгін өзіміз үшін жаңа рок-топтарды аштық. Мен маған рок осыншама әсер етеді деп ешқашан ойламаппын. Тыңдармандар мен ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Музыкамен айналысайық, шығармашыл жастарды қолдайық. Ура!

 Фестивальдің барлық қатысушылары диплом және естелік сыйлықтармен мараптталды.

ҚКЖО бұл  - Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Жастар қанаты.  Оның басты мақсаты: патриоттылық пен коммунистік дүниетаным ұстанымдары негізінде жастар тәрбиесіне ықпалдасу; қазақстандық жастардың заңды мүдделері мен құқытарын қорғауға ықпалдасу; әлеуметтік әділдік, әлеуметтік келісім мен азаматтық бейбітшілік қоғамын құруға және интеграциялық үдерістерді тереңдетуге ықпалдасу.

KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7KrasnayaVolna 7

Прочитано 43 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.