Среда, 31 октября 2018 11:26

Астанада БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған үстел теннисінен турнир өтті Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Астана қалалық комитеті «Үміт» үстел теннисі клубымен бірлесе отырып, комсомолдың 100 жылдығына орай үстел теннисінен турнир ұйымдастырды.

ҚКХП Астана ҚК бірінші хатшысы Марат Әубәкіров турнир қатысушылары мен мектеп ұжымын 100 жылдық мерейтоймен  құттықтап, бұрынғы комсомол қызметкерлері Гүлнаш Токишеваға, Сайран Мұстафина мен Асқар Бекеевке «БЛКЖО-ға 100 жыл» атты мерейтойлық медалін табыстады.

Қалалық комитеттің екінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов өз сөзінде «комсомол – біздің ортақ тарихымыз, ал БЛКЖО-ның 100 жылдығы бұл – соғыстан кейінгі жылдарда елді қалпына келтірген, тың игерген, Целиноградтың негізін қалаған аға ұрпаққа деген құрмет» деп атап өтті.

- Олардың еңбектері елеусіз қалмауы тиіс, - деп қорытындылады Н.Оразханов.

Турнирге ардагерлермен қатар оқушылар да қатысты.  Жеңімпаздар кубок және медальдармен марапатталды.

TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13TennisAstana 13

Прочитано 29 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.