Отырыстың басты тақырыбы коммунистік жастар қозғалысын саяси, экономикалық және мәдени тарихта дамыту болды.
Комсомолдық ұйым КСРО-ның жастарын патриоттық тұрғыдан тәрбиелеуде маңызды рөль атқарды және бейбітшілік еңбек құрылысы мен Екінші дүниежүзілік соғысы майданында үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Елдің индустриалды жаңғыруы, ғылыми-техникалық революция, мәдениеттің, өнер мен білімнің дамуы – мұның барлығы комсомол тәрбиелеген қыз-жігіттердің қосқан үлесі мен алған асулары.
Бүгінгі Қазақстанда ҚКХП өзінің Жастар қанатын дамытып келеді. Конференцияда қабылданаған резолюцияда Қазақстан коммунистік жастар одағы Мемлекет басшысының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауын қолдайтындығы және мемлекет пен жастар арасындағы байланыста оң өзгерістерге үміт артатындығы айтылды.