Среда, 07 ноября 2018 10:11

Құрметті жолдастар! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Сіздерді Ұлы Октябрь социалистік революциясы күнімен құттықтаймын!  

1917 жылдың қазан айындағы оқиғалар елдегі әлеуметтік жаңарудың бастауы болды, әлемдік тарих үдерісіне ықпал етті. Арада  101 жыл өтті, дегенмен адамгершілік құндылықтар мен демократиялық бостандықты жалау еткен Октябрь революциясы  әлем тарихындағы  маңыздылығын жоғалтқан емес.

Біз бұл күнді атап өту арқылы экономиканың іргетасын қалаған, соғыс жылдарында елін қорғаған, мемлекетімізді ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы жетістіктерімен танытқан кеңес азаматтарының барлық ұрпағына алғыс білдіреміз.

Сіздерге шын жүректен денсаулық, бақыт, амандық, ертеңгі күнге деген үміт пен сенім тілеймін!

Құрметпен,

ҚКХП Орталық Комитетінің Хатшысы

Айқын Қоңыров

Прочитано 20 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.