Среда, 24 октября 2018 11:06

Комсомол – жалынды жастар ұйымы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Биыл БЛКЖО-ның құрылғанына 100 жыл толып отыр.  Қазіргі жастар комсомол туралы білмейді. Тарих беттерінен 1918 жылы партияға коммунизмді құру үшін көмекші болатын жастар ұйымының құрылғандығы жайлы ғана білетін болар. Ол кезде ол Ресей коммунистік жастар одағы деп аталған. 1924 жылы РКЖО-ға В.И. Лениннің аты беріліп, ол Ресей Лениндік коммунистік жастар одағы деп атала бастады. Кейін КСРО құрылғаннан соң 1926 жылдың наурыз айында Бүкілодақтық Леиндік Коммунистік жастар одағы деп аталды.  Комсомол туралы естелікті жою немесе жоққа шығару мүмкін емес. Комсомол бұл  жай ғана ұйым емес, бұл – үш ұрпақ өмірі, бұл – біздің мемлекетіміздің тарихындағы біртұтас дәуір.

 Сол кездің жастары өз ұйымдарының жетістіктерін мақтан тұтатын, оны әндер мен өлеңдерде, кинотуындыларда мадақтайтын. Бұл  жыл сайын саны артқан бұқаралық ұйым болды. 1977 жылы комсомол қатарында 36 миллионнан астам адам болған.

Комсомолдың бастамасымен 1922 жылы балалар саяси ұйымы – Бүкілодақтық пионерлер ұйымы құрылған. 1930 жылы комсомол сауатсыздықпен күрестің басында тұрды. Сауатсыз адамдар үшін екі жылдық кешкі мектептерді құрудың бастамасын көтерді. Коллективизация, индустрияландыру, жаңа қалалардың құрылысы, мәдени революция – мұның барлығына комсомол белсене араласты. БЛКЖО-ның басты мақсаты жастарды коммунистік идеологияда тәрбиелеу болды. Комсомол қатарына 14 пен 28 жас аралығындағы қыз-жігіттер қабылданатын. БЛКЖО-ның әрбір мүшесі қызыл туда В.И.Лениннің бейнесі бейнеленген төсбелгі мен комсомол билетіне ие болатын. Бұл қызыл кітапшаны жастар ерекше құрметтеп, мақтан тұтатын. Комсомолдық билетке Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше ілтипат көрсетілді. Фашистер ең алдымен коммунистер мен комсомолдықтарды жоятын. Соғыс жылдарында комсомолдықтар өз Отандарына деген махаббаттарын ерліктерімен дәлелдеген. Үш жарым мың комсомолдық Кеңес Одағының Батыры атанып, үш жарым миллионы орден және медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін жауынгерлік ерлік  еңбек қаһармандығына ауысты. Кеңес жастарының басты ерліктерінің бірі тың игеру болды. Екі жыл ішінде 380 000 комсомол 28 млн га тыңайған жерді игерді, жүздеген совхоздар мен мыңдаған шақырым жол салды.

Азаматтық және Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік пен социалистік құрылыстағы жетістіктер үшін 1928-1968 жылдары БЛКЖО 6 орденмен марапатталды.

Сол жылдары жастарды жігерлендіретін әртүрлі ұрандар пайда болды:

Коммунистом стать можно лишь тогда, когда обогатишь свою память знанием всех тех богатств, которые выработало человечество.

Если тебе комсомолец имя — имя крепи делами своими!

У партии и комсомола одна цель — коммунизм!

Шагай вперед, комсомольское племя!

Если партия скажет надо, комсомольцы ответят есть!

Молодые строители коммунизма, вперед к новым успехам в труде и учебе!

КСРО ыдырағаннан кейін КОКП да өз қызметін тоқтатты. 27-28 қыркүйек 1991 жылы БЛКЖО-ның XXII Төтенше съезі өтті. Бұл жиында БЛКЖО-ның тарихи рөлі аяқталды және ұйым таратылды деп жарияланды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы жанында Қазақстан Коммунистік жастар одағы құрылды. Жастар ұйымы партияның барлық іс-шараларына қатысып, өздерінің белсенділіктерін танытып жүр.

Павлодар облыстық комитеті БЛКЖО-ның 100 жылдығы қарсаңында жастар мен комсомол ардагерлерінің басын қосып, «БЛКЖО-ның 100 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапаттады. Ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтарының әуендерін шырқады.

PavlKomso 5PavlKomso 5PavlKomso 5PavlKomso 5PavlKomso 5

Прочитано 29 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.