Четверг, 18 октября 2018 11:24

ШҚО коммунистері тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың қазан айында ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің кеңсесінде ТКШ туралы ҚР-ның жаңа  заң жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Басқосуға облыстық саяси партия бөлімшелерінің өкілдері, Өскемен қ. ПИК ассоциациясы басқармасының басшылығы мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Өкінішке орай, ТКШ саласындағы аймақтық атқару органдарының өкілдері отырысқа қатыспады.

- Белгілі болғандай, еліміздің тұрғын үй саласы заңнамасына өзгертулер енгізілмек.  Осы мәселе төңірегінде қоғамдық пікірталастар да кеңінен өткізілуде. Олардың басты мақсаты нақты ұсыныстар қабылдау болып табылады. Бұл мәселе төңірегінде «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының депутаттары да жұмыс жасап жатыр. Олардың бастамасымен ҚКХП-ның жергілікті құрылымдарына ұсынылып отырған жаңа заң жобасын саралап, түзетулер мен қосымшалар енгізу ұсынылған. Барлық түзетулер мен ұсыныстар аймақтарда өткізілген  талқылаулар мен пікірталастар негізінде жасалынады, - деді ұйымдастырушылар. 

Кейін «Өскемен қ. ПИК ассоциациясы» ЗТБ атқарушы директоры Г.З. Әбішева мен басқарма мүшелері О.Ю. Омарова, Т.Н. Павлова, «Поколение» ҚБ басқармасының мүшесі А.П. Казакова, "Ақ жол" партиясы облыстық бөлімшесінің заңгері Т.С. Минеева сөз сөйледі. Олардың айтуынша, ұсынылып отырған заң жобасы өміршең емес. Оған мынадай себептер бар:

- Ұсынылып отырған заң жобасы ҚР азаматтарын мекендеу ұстанымдары бойынша бөлу арқылы олардың конституциялық құқығын бұзады. Мемлекет көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға күрделі жөндеу жұмыстары үшін жинақтаушы есеп-шоттарын ашу міндеттемесін жүктеп отыр. Ал жеке меншік үй иелеріне қатысты мұндай жауапкершілік қарастырылмаған.

- Жаңа заң жобасы КТҮ-ді басқарудың ПИК формасын жоққа шығарып отыр. Себебі ПИК заңнаманың кемшіліктерін пайдалана отырып, КТҮ басқарумен қатар оны қамтамасыз ету қызметін де атқарып отыр. Заң жүзінде бұл қызметтерді қызмет көрсету нысандары ПИК-пен келісім негізінде жүргізуі тиіс. Бұл ТКШ-ға қызмет көрсету саласындағы орта және шағын бизнесті дамытуға кедергі болады. Біздің ойымызша, ұсынылып отырған құқықтық реттеу КТҮ-ді басқару саласында тиісті нәтиже бермейді.

- КТҮ-ді ПИК формасында басқарудың 20 жылдық тәжірибесі пәтер иелері үйді басқару ісін жете ұғынғылары келмейтіндігін көрсетті. ПИК қызметі тоқтатылса, жаңа заңды тұлғаны тіркеу үдерісі де қаражатты талап етеді, ол әрине тұрғындар есебінен шегеріледі. Бұл әрекет әлеуметтік шиеленіс тудыртуы мүмкін.

- Жобада ұсынылып отырған атқарушы орган МИБ (төраға, басқарма немесе жалданбалы тұлға) еңбек нарығында мамандандырылған білікті менеджерлерді талап етеді. Шынтуайтында мұндай мамандар жоқ. Мұндай басқарушының қызметі де, оны қаржыландырудың өзі де көптеген сұрақтар туындатады.

- Жинақтаушы есеп-шоттар бойынша: жобада мұндай есеп-шоттарды ашқаннан кейін қосымша шығындарға материалды қаражат қарастырылмаған (есеп-шоттарды жүргізудің бухгалтерлік есебі); бұл есеп-шоттар бойынша төлем жасамайтын пәтер иелерінен қарызды өндіріп алу тәртібі құрастырылмаған; есеп-шоттарды инфляция мен алаяқтық әрекеттерден сақтандыру механизмі құрастырылмаған; пәтер иелері терможаңғырту мемлекеттік бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде төлем жасап отырған жағдайда жинақтаушы есеп-шоттарын ашу міндеттемелері мәселесі қарастырылмаған; кез келген азамат өз еркімен банкке барып, есеп-шот ашқысы келмесе?; жинақталған қаражат өзге нысандарға жұмсалмай, нақты үйдің жөндеу жұмыстарына жіберілетіндігіне кепілдік бар ма?; банк таңдау мүмкіндігінің жоқтығы жинақталған қаражаттан айырылу қаупін тудыртады және тиімді ұсыныстарды таңдау мүмкіндігінен айырады. 

Бұл заң жобасы әлі шикі, кемшіліктері өте көп. Мысалы, дауысты адам немесе аудан саны бойынша есептеу; пәтер иелерін жиналыс туралы хабардар ету және т.б.

Сонымен қатар талқылау барысында заң жобасында индексация мен банк есеп-шоттарының кепілдігі бойынша түсініктеме берілмегендігі анықталды.  Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жиналатын ай сайынғы қаражаттың ең төменгі мөлшерін есептеу әдісі түсініксіз. ТКШ-ні ПИК моделінен МИБ-ке ауыстырмас бұрын, ПИК-ге аудиторлық тексеріс жүргізу қажет. Мұны кім істейтіндігі белгісіз, себебі мемлекеттік органдар ТКШ саласының жұмысына араласпайды. Тұрғын үй серіктестіктері салық төлемдерінен неліктен босатылған, ал МИБ салық төлеуге міндетті? Жаңа жоба бойынша МИБ қызметі жайында қаржылық-бухгалтерлік есепті айына бір рет тапсыру міндеттелген, ал қазіргі ПИК тәжірибесінде бұл есеп тоқсан сайын беріледі. Бұл жаңашылдық қағазбастылықты арттырып, МИБ қызметкерлерінің жұмыстарына кедергі туғызады.

Отырыс қорытындысы бойынша резолюция қабылданды, оған мынадай тармақтар енгізілді:

  1. КТҮ басқарудың МИБ-тан басқа да ҚР заңнамасына қайшы келмейтін формаларын қарастыру. Сонымен қатар ПИК-тың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын қалдыру және пәтер иелеріне басқарудың басқа формасын таңдауға мүмкіндік беру.
  2. Басқару органына «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына тиісті өзгертулер енгізу арқылы меншік иелері туралы ақпаратқа қолжетімділік ұсыну.
  3. Әрбір тұрғын үйдің техникалық ахуалы туралы жыл сайын ақпарат жинау құқығын ұсыну арқылы қалалық тұрғын үй инспекциясының құзыретін кеңейту.
  4. Заң жобасының кворумды анықтау және дауыс беру нәтижесін есепке алуды ортақ мүліктегі үлесті тәжірибеде іске асыру қиынға соғатындықтан қарастырудан алып тастау. Бұған дейінгі бір үй-жай бір дауыс тәртібін қалдыру.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

VKOZHKH 3VKOZHKH 3VKOZHKH 3

Прочитано 13 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.