Пятница, 09 ноября 2018 14:11

Өскеменде «Қазақстан – Еуразияның логистикалық орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 5 қарашасында Өскемен қаласында «Қазақстан – Еуразияның логистикалық орталығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. ШҚО талдау және болжау институтында өткен іс-шараға облыстық ішкі саясат және білім басқармаларының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және БАҚ қатысты.

Талқылауға дейін Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов БЛКЖО-ның 100 жылдығына орай обкоммен белсенді байланыс орнатқан азаматтарды, комсомол қозғалысының ардагерлері: «Ақ Жол» партиясы облыстық бөлімшесінің мүшесі Татьяна Минееваны және облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Ержан Әбішевті марапаттады.   

Өз сөзінде Ш.Байдәулетов Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылай келе, 5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауды атап өтпеу мүмкін емес екендігін айтты.

- Екі Жолдау да бір бірімен байланысты және қатардағы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біз бүгін осы екі негізгі тақырыпты өзіміздің аймақ аумағында талқыға салуымыз керек, - деді коммунист.

 «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Олег Чугунков ШҚО-да сапалы көлік инфрақұрылымын құру бойынша іске асырылған және жоспарланған жобалар туралы хабардар етті: 

- Қазіргі таңда облыста екі әуежай жаңартылуда - Семей және Үржар әуежайлары. Алакөлдегі демалушылар санын арттыру мақсатында  Үржарда үлкен жолаушы ұшақтарын қабылдайтын жаңа әуежай құру қолға алынды. Алдағы уақытта Алакөлге демалыс маусымында 1 миллионға дейін турист келе алады. 2019 жылдың өзінде Өскемен әуежайын жаңарту жұмыстары басталады.

Аймақтағы импорттық-экспорттық тасымалдың негізгі көлік жолдары  Семей – РФ батыс Сібірі; Семей – Қалбатау – Өскемен – Алматы бағыттары болып табылады.  Бұл жолдардың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі бағыттағы көлік жолдары да тыс қалмайды. Зырян қаласына қарай жолдың жаңа учаскелерінде құрылыс жалғасып жатыр. Бұл Бұқтырма су қоймасы ауданындағы демалыс пен туризмді дамытуға  жаңа мүмкіндіктер береді. Жол жабындысымен қатар өзге де нысандар бой көтереді: ЖЖС, кемпингтер, тамақтану мен демалыс нысандары.

Облыстық білім беру басқармасының қызметкері Жанна Іслямова тұрмыс сапасы мен білім беруді арттыру бойынша қолға алынған шаралар туралы айтып берді:

- Өскеменде 600-ден астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әлі  360 мұғалім бұл курстардан өтеді. Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу әдістемесін енгізу маңызды болып тұр. Соңғы кездері 40 мектеп робототехника сыныптарына арналған заманауи құралдармен жабдықталды. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әрқайсысы 250 орындық 2 балабақша пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі мекемелердегі электронды кезек арқылы облыс орталығы бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды толығымен қамтып отырмыз. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы ұстаздарды ынталандырып,  олардың жүктемелерін азайтып, моральдық борыштары мен мамандықтың мәртебесін көтереді. 

Отырыста «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының іске асырылуы туралы да айтылды. ШҚО-да 1 қазанға дейін бұл бағдарлама бойынша ипотека алуға 176 өтініш келіп түскен. Соңғы мәлімет бойынша олардың 125-сі мақұлданған. Өскемен, Семей, Курчатов қалаларында 1375 дайын пәтер бар. Жыл соңына дейін тағы да 613 пәтер тапсырылады. Дайын баспана бар, бірақ оны алатын адам жоқ. «7-20-25» бағдарламасының ұсынып отырған жеңілдіктерімен де баспана алу мүмкіндігіне ие азаматтар аз. Бұл қарапайым азаматтарымыздың қаржылық мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Сондықтан бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесінің оңтайлы шешілуі үміттендіреді.

Барлық қатысушылар Мемлекет басшысының екі Жолдауы да қоғамның әрі қарай жаңғыруы мен жаңаруындағы елеулі кезең екендігін айтты.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

VKOKRStol5VKOKRStol5VKOKRStol5VKOKRStol5VKOKRStol5VKOKRStol5

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.