Пятница, 09 ноября 2018 14:18

Қостанайлық коммунистер Ұлы Қазан революциясының 101 жылдығын атап өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Шамамен 70 адам қатысқан іс-шара Жеңіс саябағындағы В.И. Лениннің ескерткіші маңында өткізілді.  ҚР-ның әнұранымен жалау ортаға алып шығарылған соң, Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы қатысушыларды тарихи датамен құттықтап, әлем пролетариаты көсемінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюды ұсынды.

ОК Хатшысы Д.Легкий Ұлы Қазан социалистік революциясының маңыздылығы, революциядан кейінгі жаңғыртулар туралы айтты.

Обкомның үшінші хатшысы В.Скуридин ҰҚСР-дың жетістіктері туралы тілге тиек етті. Қостанай облысы ҚКХП БРК төрағасы, Қостанайдың құрметті азаматы П.Коржиков барлық қатысушыларды Ұлы Қазан революциясының 101 жылдығымен құттықтап, Қазақстанның дамуындағы Қазан революциясының рөлі тақырыбына кеңінен тоқталды.

- Біз – нағыз қаһармандардың мұрагерлеріміз. Елдің индустриалды қуатын арттырғандар мен фашизмге қарсы шыққандардың, ғарыш кеңістігін бағындырғандардың ұрпағымыз. Біз өткен күннің барлық игілігін бүгінгі таңда қолданамыз. Мен бүгін шын жүректен ардагерлер мен жастарды құттықтаймын! Барлықтарыңызға еліміздің гүлденуі жолындағы күресте төзімділік пен күш-қуат тілеймін! – деді өз сөзінде «Құрылысшылар клубының» төрағасы, ҚКХП обком бюросының мүшесі С.Куюбаев. 

- Жас ұрпақ Кеңес мемлекетінің құрылу тарихын ұмытпауы тиіс. Кеңес Одағы социалистік мемлекет құрудың алғышарты болды, - деді В.Мантулина.

Салтанатты іс-шара партияның әнұранын орындау және ескерткіш жанындағы фототүсіріліммен аяқталды. 

ҚКХП Қостанай ОК

Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15Kost101 15

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.