Четверг, 08 ноября 2018 13:24

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Е.А.Досаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Ерболат Асқарбекұлы!        

Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр» деп белгілеген.

Басты назар мен күшті мүмкіндіктері шектеулі адамдарға «тосқауылсыз орта» қалыптастыруға бағыттау ұсынылған.

Осы жылдың қазан айында Еңбек және халықты әлеумттік қорғау министрі бір мүгедекке мемлекеттен жылына 4 миллион 400 мың теңге қаражат бөлінеді деп хабарлаған болатын.

Бұл қаражатқа мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін орталықтар жұмыс жасайды. 

Бірақ қазіргідей  сапа мен формада ұсынылатын қызметтер қаншалықты қажет?

 Мүгедектермен кездесу және олардан келіп түсетін хаттарға сүйенсек, ұсынылатын қызметтер қажеттіліктерге сай келмейді. Нәтижесінде мүгедекке қажетті қызмет ұсынылмайды.

Мысалы, зағип жандарға арналған арнайы бағдарламамен жабдықталған ноутбуктер. Оның бағасы 800 мың теңгеге дейін жетеді. Көп жағдайда ең осал сипаттамсы бар ноутбуктер беріледі, олар жұмыс істеуге жарамсыз болып жатады. Дәл осындай бағаға Apple фирмасының да ноутбуктерін немесе бұдан екі есе арзан бағаға басқа фирманың өнімін сатып алуға болады. Бұл жағдай ыңғайсыз механикалық мүгедектер арбасына да қатысты.  Жеткізушілерге ауқымды машиналар мен қызметке жарамсыз компьютерлерді, ыңғайсыз мүгедектер арбасын ұсыну тиімді. Себебі алушылардың өздері оларды жеткізушілерге төмен бағамен тапсырып, ал олар оны қайтадан мемлекетке сатады. Яғни бұл жағдайда жеткізушілердің мүддесі бар. Бұл бір ғана қызмет сапасына келтірілген мысал. Мынадай да мысал келтіре кетейік. Сапалы динамикалық протез арман болып қала бермек. Ал ақиқатында мүгедектер ауыр ағаштан жасалынған протезге немесе балдақтарға ие болып жатады.

Президент Жолдауда «инфрақұрылым адамдарға» моделінен «адамдар инфрақұрылымға» моделіне ауысу керектігін және «Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет» деп атап өтті.

Барлығын өзгертудің уақыты келіп жеткен болар? Мүгедектер қызметтің белгілі бір  түрінің ұсынылуын күтпеуі тиіс. Президенттің ұсыныстары бойынша қаражатты нақты арналған адамға бағыттау керек деп санаймыз.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар кімнен қызмет алатындығын, қандай электронды арба, ыңғайлы протез, арнайы телефон мен компьютер сатып алатынын өзі таңдауы тиіс. Сол кезде қызмет ұсынушылар да жұмыстарын жаңғыртып, талапқа сай дамып отырады.

Сонда ғана мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мүмкіндіктері мен қолжетімділіктері артып, өздерінің өмір сапасын өзгертеді. Қоғам өміріне белсене қатысып, елдің адами капиталын күшейте түседі.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

И. Смирнова

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров 

В. Косарев

М. Магеррамов

Т. Сыздықов

           

«Нұр Отан» фракциясының депутаттары   

З. Балиева

Ж. Омарбекова

07.11.2018 ж. жарияланды                                        

Прочитано 33 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.