Четверг, 08 ноября 2018 12:45

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары -

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 

Ө.Е. Шөкеевке

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Өмірзақ Естайұлы!

Біздің ел дәнді дақылдардың көп түрін өндіреді және біз әлемдік нарықта алдыңғы қатарды алып отырмыз.

Астықты сақтау жүйесі біздің халық үшін үлкен мақтаныш. Сонымен қатар сақтау және қайта өңдеу кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасы үрейлендіріп отыр. Олардың техникалық жабдықталуы апат және машиналар мен құрылғылардың істен шығуы жағдайында ғана жүргізіледі.

Жалпы Қазақстанда 247 астық қоймалары бар, әртүрлі себептерге байланысты олардың 44 немесе 18% жұмыс істемейді. 167 элеватордың 20 істен шыққан, 80 нан қабылдау пунктінің 24 жұмысын тоқтатқан. Біздің ойымызша, кәсіпорындардың істен шығуының себебі ұйымдастырушылық-құқықтық форманың кемшіліктерінен болып отыр. .

Жеке меншік иелері сақтауға қабылданатын астықтың сапасын жеке-дара бақылайды. Ал қабылдау барысында зертханаларда қоқыс пен ылғалдылық көрсеткіштері жоғарылатып, табиғилығы мен ұлпа көрсеткіші төмендетіледі.

Мұндай жағдайдың кесірінен астық өндірушілер кәсіби мамандандырылған кәсіпорындардың қызметінен бас тартуға тырысады. Ірі астық өндірушілер 2-3 миллион еуро төлеп батыс елдерінен автоматтандырылған қоймалар сатып алуда. Шаруашылықтарда бастырылған астықтың жартысынан көбі сақталады. Бізге мұндай параллельдің не қажеті бар? Астық қоймаларының материалдық-техникалық базасы ескіріп, істен шығып жатыр.

Бұған дейін елімізде мамандандырылған тұқым қоймалары болған, олар астық пен дәнді дақылдардың тұқымдарын сатып алып,оларды жоғары сапаға жеткізіп, шаруашылықтарға сататын. Ал қазіргі кезде тұқым ресурстары әрбір жерде сақталады. Бұл жағдайда астық мөлшері азайып, оның сапасы да төмендей түседі.

Нан қабылдау кәсіпорындарының материалдық-техникалық жағдайын саралай келе, біз оларды астық өндірушілер мен өндіріс корпорацияларының қатысуымен акционерлік қоғамға өзгерту жөн деп санаймыз.

Мұны элеваторлар жұмыс істеп тұрған кезде істемесек, 8-12 жылдан кейін  акционерлерді құлдыраған элеваторларға қаражат салуға көндіру мүмкін болмайды.

Мұндай өзгерісті енгізген жағдайда акционерлердің өздері сақтау, кептіру, тазалау, және т.б. қызмет үшін бағаны өздері белгілеп, комбикорм, ұн, макарон өнімдері, крахмал мен глютин өндірісін ұйымдастыра алады.

Бұл кәсіпорындар дәнді дақылдар тұқымдарын дайындау, сақтау және таратумен де айналыса алар еді. 

Сонымен қатар астықтың азық-түлік ресурстары сатып алу орындарында сақталады және тұтыну аймақтары бойынша үлестірілмейді. Осының нәтижесінде кейбір элеваторлар  бос тұр.

Сондай-ақ орта арнаулы және жоғары оқу орындарында дәнді дақылдарды сақтау мен өңдеу бойынша технологтарды дайындауды жаңғырту қажет. 

Бізге кезінде елдің мақтанышы болған элеваторларды жандандыру үшін бар күшімізді салу керек.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

     

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары

В. Косарев

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

07.11.2018ж.жарияланды

Прочитано 37 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.