Понедельник, 12 ноября 2018 12:24

ӨЗГЕРІС УАҚЫТЫ КЕЛДІ Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Астанада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Кезектен тыс XIII съезі өтті. Отырыс бір минут үнсіздіктен басталды. Коммунистер партияның құрметті қызметкері, Орталық Бақылау-ревизиялық комиссиясының мүшесі Ерсайын Әлиевті еске алды.

Күн тәртібінде әртүрлі сұрақтар қарастырылды. ҚКХП Жарғысының жаңа редакциясы сұрағы ерекше талқыланды. ОК хатшысы, «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының көшбасшысы Айқын Қоңыров түзетулерді ұсына отырып, олардың қажеттілігін атап өтті.

Барлықтарыңыз білесіздер, 2019 жылдан бастап Қазақстан жаңа заңдар негізінде өмір сүретін болады, - деді ол. – ҚР сайлау туралы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына пропорционалды жүйе енгізіледі.

Енгізілетін түзетулер партия Жарғысына да, өзге құжаттарға да қатысты болады.

Менің ойымша, бұл өзгертулер біздің қатарымызды Мәжілісте ғана емес, жергілікті жерлерде де нығайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Қоңыров. – Қазіргі таңда өкілетті органдарға қосымша өкілеттілік берілген. Мәслихаттарда азаматтар көтеретін көптеген мәслелерді шешуге болатын болады.  Бізде ресурс та бар,  адамдар да бар. Сондықтан біздің жергілікті өкілетті органдарда лайықты орын алуға мүмкіндігіміз бар. Сайлаудың пропорционалды жүйесі Қазақстанның барлық саяси партиялары үшін күрделі емтихан болмақ.

Кейін коммунистер бірқатар аймақтық мәселелерді қарастырды. Олардың ішінде  ҚКХП Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетін Түркістан облыстық комитетіне өзгерту және Шымкент қаласында партияның жеке қалалық комитетін құру сұрақтары бар. Бұл өзгертулер республиканың жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісіне  байланысты.

Коммунистер үшін жастар саясаты ешқашан өзектілігін жойған емес. ҚКХП ОК хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий өз баяндамасында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде идеологиялық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Съезд ҚКХП қатарына жаңадан қосылған коммунистерге партия билеттері мен қатысушыларға БЛКЖО-ның жүз жылдығына арналған естелік медальдар табыстаумен аяқталды.

Маргарита НИКИТИНА, Астана

Syezd 3Syezd 3Syezd 3

Прочитано 39 раз
Другие материалы в этой категории: « Құрметті жолдастар! ЖАСТАР ҒАСЫРЫ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.