Четверг, 08 ноября 2018 11:02

ЖАСТАР ҒАСЫРЫ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астанада БЛКЖО-ның 100 жылдығы қарсаңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ұйымдастыруымен Республикалық конференция өтті.

Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы қазіргі таңдағы көптеген саясаткерлер мен кәсіпкерлер үшін ерекше маңызға ие кезең болды.  Бірақ олардың көбісі  мұны ұмыт қалдырған. Ал қазақстандық коммунистер өткенге үлкен құрметпен қарайды. Комсомолдың оң тәжірибесін бүгінгі таңда да қолдануға болады деп санайды. 

БЛКЖО-ның жетістіктерін жоққа шығару 90 жылдардан бастап осы күнге дейін жүріп жатыр. Комсомол ұйымы жоқ болса да, онымен күресу жалғасып жатыр. Бұл жағдай туралы Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының көшбасшысы және ҚКХП ОК Хатшысы Айқын Қоңыров өз сөзінде атап өтті.

- Кейбір азаматтар БЛКЖО-ның жүз жылдығын атап өту жайында кері қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізіп жатыр. Біз мұны дұрыс емес әрекет деп санаймыз, - деп мәлімдеді ол.

Мәжілісмен Қазақстан  - демократиялық ел, сондықтан бізде коммунистік идеологияға тыйым салынбаған екендігін еске салды. Өкінішке орай  әлеуметтік желілердегі ақпараттық шабуылдар әрбір мерейтой қарсаңындағы тұрақты құбылысқа айналды.

- Бізге  пассивті ұстанымды ұстау қауіпті, - деп санайды депутат. – Бұл жерде мәселе барлық коммунистік қозғалысты дискредитациялауға бағытталған жұмыс жайында болып тұр. Мен басты назарды осыған аударғым келіп отыр.

Сонымен қатар А.Қоңыров ҚКХП-ның өзінің комсомолы – партияның Жастар қанаты, Қазақстан Коммунистік жастар одағының пайда болғандығы туралы хабардар етті.

- Бізде коммунистік көзқарасты қолдайтын жастар бар, - деді коммунист. – Бұл қуантарлық жағдай. Партияның болашағы осы жастардың қолында.

Сөз соңында Айқын Ойратұлы конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Мәжіліс депутаты, ҚКХП ОК Хатшысы Жамбыл Ахметбеков партияластарды  өз ұстанымдарына берік болуға шақырды. Сонымен қатар ол кей кезде жастарға пікірталас жүргізу үшін білім аздық ететіндігін және бұл жағдайды түзеу қажеттігін айтты.

- Мұның барлығы ностальгия деп жатса да, біз әлеуметтік мәселелер кеңес заманындағыдай шешілсе екен дейміз. Өз ұстанымдарымызға берік болайық. Еш нәрседен қорықпау керек, - деді депутат.

ҚКХП ОК Хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий өз сөзінде комсомолдың тарихына тоқтала кетті.

- Комсомол бұл – бірнеше ұрпақ өмірінің тұтас дәуірі, - деді Д.Легкий.  Ол тарихта БЛКЖО сияқты ауқымды ұйымның болмағандығын мойындау керектігін айтты.  Ал қазақстандық мемлекеттік жастар саясаты жайында айтатын болсақ, жағдай мәз емес. Тарихшының ойынша, қазіргі кездегі қоғамның әлеуметтік жіктелуі әлеуметтік әділдікке деген сенімсіздікті тудыртады. Мақсатты қалыптастырып, тәрбиелеудің басты бағыттарын айқындайтын идеологиялық бағдар да бұлыңғыр. Бұл білім беру рөлін асыра бағалау мен тәрбилеу рөлін бағаламаушылықтың нәтижесі болып отыр.

ҚКХП өз тарапынан бұл кемшілікті түзеуге тырысады, сондықтан жас буынды тәрбиелеуде идеологиялық жұмыстарға көп мән береді. Оның барлығы кеңестік тәжірибеге сүйенеді.

- Бұл біздің ортақ тарихымыз, одан қашып құтыла алмайсың, - деп қорытындылады Д.Легкий. – Біздің жастар өткен дәстүрімізді қорғап қана қоймай, жаңаларын да дүниеге әкелетініне сенімдіміз.

Кеңестік жастар өміріндегі комсомолдың өлшеусіз үлесін ҚКЖО жетекшісі Радмир Балсарин да тілге тиек етті.

- БЛКЖО тарихы бұл – партияның қаһармандық тарихының бір бөлігі, - деді ол. – Жас ұрпақтың коммунистік идеалдар мен әлеуметтік әділдік үшін күресінің тарихы. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай қуатты жастар ұйымы бар ма? Жоқ. Бұған қоса соңғы кездері жастар саясатына аз көңіл бөлінетінін де мойындау керек. Р.Балсариннің пікірінше, республикада патриоттық тәрбиені нығайту мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Нақты мемлекеттік жастар саясатынсыз шешілмейтін көптеген мәселелер жинақталып қалды. Олардың қатарында  білім беру, жастарды жұмыспен қамту, жас мамандардың еңбек жалақысы мәселелері бар.

- 13 пен 20 жас аралығындағы жастар шетел асып кетпекші, - деп мәлімдеді ол. – Бұдан қорытындыны аға буын өкілдері шығаруы тиіс. Бұл үрдіс басталып та кетті. Оның нәтижесі қандай болатынын келесі жылы көреміз. 

Басқосудың қорытынды резолюциясында «Конференция қатысушылары Мемлекет басшысының келесі жылды Жастар жылы деп жариялауын толыққанды қолдайды. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы байланыстан оң өзгерістер күтетініне сенім білдіреді» делінген. 

Пікір

Эмилио Певида Пупо, Қазақстандағы Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Мені бұл конференцияға шақырғанда, мен бірден «иә» деп жауап бердім. Себебі кубалықтар үшін лениндік комсомолдың тарихи мен ерен еңбектері өте қымбат. Мен барлықтарыңызды БЛКЖО-ның 100 жылдығымен құттықтаймын.  Куба тарихына үңілетін болсақ, кез келген тарихи кезеңде жастардың атқарған рөлі мен қосқан үлесі көп.  Біздің барлық көшбасшыларымыз Кубаның тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күресті басқарған кезде шынымен жас болған. Жастарсыз кез келген әлеуметтік білім беру үдерісі жетістікке жетпейтіні сөзсіз. Кубада бұл тарихи дәлелденген дүние. Біздің бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік даму бағдарламаларына бағытталады. Бұл көптеген елдер үшін – утопия, ал біздер үшін – ақиқат. Кубада коммунистік жастар коммунистік партияның тірегі болған және болып қала береді.

Вэй Лухуа, Қазақстандағы ҚХР елшілігінің екінші хатшысы:

- Сіздерді комсомолдың жүз жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Қазақстан Коммунистік Халық партиясы, әсіресе жас коммунистер үшін үлкен мереке. Бүгінгі конференцияға жас коммунистердің қатысып отырғанын байқадым. Бұл сіздердің  жастар саясатына ерекше мән беретіндіктеріңізді білдіреді.  Қытайда да жастар саясатына ерекше мән беріледі. Жастар өркендеп өссе, мемлекет те дами түседі. Жастар үлкен күш-қуатқа ие болса, мемлекет те қуатты елге айналады. Егер жас ұрпақ жоғары идеалдар мен үлкен қабілетке ие болса, ел болашағы жарқын болмақ.

Маргарита НИКИТИНА

ПЕВИДА ПУПОПЕВИДА ПУПОПЕВИДА ПУПОПЕВИДА ПУПО

Прочитано 24 раз
Другие материалы в этой категории: « ӨЗГЕРІС УАҚЫТЫ КЕЛДІ «И СЕРДЦУ ТРЕВОЖНО В ГРУДИ» »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.