Четверг, 15 ноября 2018 13:37

«И СЕРДЦУ ТРЕВОЖНО В ГРУДИ» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстандық «Motor-Roller» рок-тобының көшбасшысы, танымал телерадиожүргізуші Ильяс Аутов «Красная волна» рок-фестиваліне бас сарапшы ретінде шақырылды. Рок-фестивальдің басталуына дейін біз кеш қонағымен комсомолдық жастық шақ, коммунизм идеялар және заманауи рок орындаушылар туралы сұхбаттасып алдық.

- Ильяс, Сіздің комсомолға қатысыңыз бар ма?

– Әрине. Міне менің комсомолдық төсбелгім (жейдесіне тағылған төсбелгіні көрсетеді). Мен комсомолдықпын және солай қала беремін. Комсомолдық билетім де сақталып тұр.

– Белгілі бір партияның құрамындасыз ба?

– Жоқ. Әскерде жүргенімде компартияның құрамына кіруге талпындым, бірақ үлгермедім. Ал қазіргі кезде басымдықтар да өзгерді, ол ел де жоқ. Бірақ мен коммунизм идяларына берікпін, бұл идеялар ең гуманистік идеялар деп білемін. Коммунистік құрылым барлық адамдарға рет-ретімен бәрін жасап беретін. Ол үшін тек жұмыс істеу керектін. Ал қазіргі жағдай басқаша. Адамдар ақшаға қол жеткізеді де, бәрі жақсы деп ойлайды. Өмірдің мәні ақшада емес қой. Бірақ коммунизм идеясын орындаушылар жойды. 

– Комсомолдық жастық шағыңыз жайлы естелікпен бөліссеңіз?

– Керемет естеліктер. Мен үнемі белсенді адам болдым. Белсенді өмірлік ұстанымым болды. Комсомолдық ұйым шығармашыл, ойлы жастарға даму мүмкіндігін беретін. ҚазМУ-да оқып жүргенімде мен «Анфас» деген студенттік театрда ойнадым. Сол театрмен Кеңес Одағының біраз қалаларына бардық. Көптеген қызықты іс-шаралар өткізетінбіз. Комсомол өмірге құштар, шығармашыл, сауатты, білімге құмар, даму мен ілгерілеуге жақын жастардың басын біріктіретін. Әрине, комсомолдың арқасында мансапқа қол жеткізген функционерлер де болды. Бірақ мен өз Отанымды сүйдім және оның игілігі үшін жұмыс істеуге тырыстым. Ең керемет естеліктер. Менің өмір жолымда маған жақсы адамдар жолығатын, олар өздерінің ақылдарын айтып, жол сілтеп отыратын.

– Сіз «Красная волна» рок-фестиваліне қазылық етуге ұсынысты бірден қабыл алдыңыз ба?

– Әрине. Маған коммунизм идеялары әрқашанда жақын. Сондықтан мен осы жердемін.

- Іс-шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?

- БЛКЖО-ның 100 жылдығын атап өту үшін ерекше орын, зал таңдалып алынған. Бұл өте қызық жағдай, эклектика. Әрі қарай не болары мен үшін өте қызық. Шынымды айтсам, бұл жерге келгенде комсомол жалауын, үлкен атрибутикаларды көремін деп ойлағам. Бірақ олар бұл жерде аз.

– Қазіргі заманғы отандық рок, жас рок-топтары туралы ойыңыз? 

– Қазақстан өнерлі жастарға бай. Көптеген қазақстандықтардың шетелде танымал болып жатқандығы да кездейсоқтық емес. Барлық салалардағы білім деңгейі жоғары болатын. Қазіргі таңда еліміздің дамуына қолдан тежеу жасап отырған сияқты. Оны істеп отырғандар еліміздің ішкі және сыртқы жаулары. Тума таланттар да шығып жатыр. Олар көп емес, бірақ бар. Керемет орындаушылар бар. Бірақ сол жастар туындыларды өздері шығарса екен деймін, бүгінгінің өзекті дүниесін жазса. Себебі сахнадағы орындаушы – қарапайым адамдардың ойы мен сезімдерін жеткізуші.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Әсия Күзембаева

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.