Суббота, 17 ноября 2018 13:46

Жамбыл облыстық комитетінде «Ұлы Қазан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті партия ардагерлері мен белсенділерінің, комсомолдықтардың және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Қазан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев қатысушыларды ҚКХП-ның кезектен тыс ХІІІ съезінің қорытындысымен хабардар етті.

Іс-шара барысында  ішкі істер органдарының ардагері Ж.Қалдарбеков, «Ветераны особого риска» ҚБ мүшесі Е.Әлімбаев, «Тұтынушыларды және кәсіпкерлікті қорғау одағы» ҚБ директоры К.Ахметов, «Ақ жол» ҚДП ЖОБ-тың төраға орынбасары С.Абдусаттарова және де басқалары БЛКЖО мен КОКП жайлы естеліктерімен бөлісіп, Ұлы Қазанның тарихи жетістіктері, КСРО өміріндегі партия мен комсомолдың рөлі туралы айтып берді.

 Басқосу соңында обком жетекшісі ҚКХП-ның жаңа  мүшелеріне партиялық билеттерді табыстап, Ж.Қалдарбеков пен С.Абдусаттарованы «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

ZhambVelOkt 4ZhambVelOkt 4ZhambVelOkt 4ZhambVelOkt 4

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.