Суббота, 17 ноября 2018 15:06

Адам еңбекпен шыңдалады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті Мемлекет басшысының Жалпы Еңбек қоғамын құру бастамасының аясында іс-шара өткізді. «Адам еңбекпен шыңдалады» қоғамдық пікірталастың басты мақсаты – жастарды еңбекке деген құрметке тәрбиелеу, еңбек дәстүрін сақтау және көбейту, еңбек адамы туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру.

Іс-шараға облыстың үздік еңбек әулеттері, қоғамда еңбек адамының  мәртебесі мен рөлін арттыруға ықпалдасатын  сайыстар туралы видеоматериал дайындалды.

Пікірталас модераторы, ҚКХП Алматы ОК бірінші хатшысы Сәуле Биғарова пікірталас үшін Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі арнайы таңдалынып алынған, себебі бұл білім орны нағыз жұмысшы мамандықтардың ордасы болып табылады.

Кездесуде еңбек ардагерлері Х.Есдәулетова, П.Байсова, Б.Марқабаевалар сөз сөйлеп, өздерінің еңбек жолдарының тарихымен бөлісті. Олар жастарды өздерінің әрбір іс-әрекеттеріне жауапты болуға, таңдап алған мамандықтарына берік болуға, өз істерінің майталманы болуға шақырды.

Алматы ОК ҚКЖО төрағасы О.Ибраимов әрбір азамат өзінің тағдырына жауапты екенін айтты. Сондықтан жастар уақыттарын бос өткізбей, өз ісінің нағыз маманы атану үшін оқу  және жан-жақты даму керектігін тілге тиек етті.

ҚКХП Алматы ОК

AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16AlmChelovek 16

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.