Среда, 14 ноября 2018 15:47

«Шапағат» халықтық жобасы аясында 200-ден астам отбасы көмекке ие болды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

13-14 қараша күндері ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығы  «Шапағат» халықтық жобасы аясында көмекке мұқтаж қарағандылықтарға қолдау көрсету мақсатында акция өткізді.

13 қараша күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің хатшылары Александр Зевахин мен Анатолий Баранов Қарағанды қ. тұрақты мекен-жайлары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығында болып қайтты.  Комитет орталықтың қамқорлығындағы азаматтарға 13 қап киімдер мен аяқ киім апарып берді.

- Қазақстан Коммунистік Халық партиясы бізге осымен бірнеше рет көмек көрсетіп отыр, - деді орталық директоры Мылтықбай Ғазалиев. – Біздің қамқорлығымыздағы адамдар үшін бұл елеулі көмек. Сондықтан ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің басшылығына және «Шапағат» халықтық жобасының акциясына атсалысқан азаматтарға алғыс айтқым келеді.

Сонымен қатар қарағандылық коммунистер Теміртау қаласындағы «Мой дом» халыққа әлеуметтік көмек көрсету және даму орталығына да қолдау білдірді. Бұл орталыққа да коммунистер киімдер мен аяқ киімдер салынған 13 қап үлестірді. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Ирина Жданова:

- Қазіргі таңда біздің орталықта 9 отбасы тұрып жатыр. Жүзден астам адам осы жерде тіркеуде тұр. Шамамен жүз адам көмек сұрап келеді. Көп жағдайда бұл балалар үйінің түлектері. Олар үшін «Шапағат» жобасы үлкен қолдау. Қарапайым адамдарға жасап жатқан көмектеріңіз үшін рахмет!

Келесі күні коммунистер «Үміт» мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ-да болып, ол жердің де басшылығынан алғысқа ие болды.  Бірлестік жетекшісі, ҚКХП мүшесі  Валентина Власова халық коммунистерінің ізгі істері туралы тілге тиек етті.

- Біздің ҚБ-те 87 отбасы тіркелген, олардың әрқайсысында бір немесе бірнеше мүгедек бар. Олар үшін сіздер әкелген 12 қап киім өте үлкен көмек. Сондықтан сіздерге шексіз алғысымды айтамын, - деді В.Власова.

- Біз өз кезегімізде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының үндеуіне үн қосқан жерлестерімізге рахмет айтамыз. Қарағанды халқының мейірбандылығында шек жоқ! – деді ҚКХП Қарғанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин. 

ҚКХП Қарағанды ОК баспсөз қызметі

KaragShapagatNov 6KaragShapagatNov 6KaragShapagatNov 6KaragShapagatNov 6KaragShapagatNov 6KaragShapagatNov 6

Прочитано 12 раз
Другие материалы в этой категории: « Комсомолмен қоштаспаймын…

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.