Вторник, 20 ноября 2018 09:30

Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық дамудың бағдары Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

16 қараша 2018 жылы Петропавлда «Гуманитарлық байлныстың даму бағдары. Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақаралық форумының қорытындысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында Солтүстік Қазақстан мен Орал Федералды округ арасындағы туристік байланысты дамыту мәселесі талқыланды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың қатарында «Движение вперед» ҚБ бар, оның директоры ҚКХП Солтүстік Қазақстан ОК Жастар қанатының төрағасы Виктор Сауков болып табылады.

ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанатының жетекшісі іс-шара қатысушыларының  назарына «Переправа» ленинградтық іздестіру отрядының жұмысы туралы деректі фильмнің трейлерін ұсынды.

- Бес минуттық роликтің кәсіби деңгейін байқадыңыздар ма? Фильмді авторлар өз ақшаларына жасаған. Жаз бен күз мезгілінде біраз материал түсірілген. Архивтік құжаттар да жетерлік. Бірақ фильмнің монтажын соңына дейін жеткізуге авторлардың қаржылық мүмкіндігі болмады. Осыған орай, фильмнің авторы Петр Васильевтің екі өтінішін жеткізгім келіп отыр.

Біріншісі – монтажды аяқтау үшін қаражат жинауға жәрдемдесу, мысалы краудфандинг әдісі арқылы болады. Екіншісі – мен мемлекеттік органдарды біздің қаланың ескі вокзалынан 314 двизияның аттану сәтін түсіруге көмектесуді сұраймын. Бұл режиссердің ойын толық аяқтау үшін өте маңызды.

Бірінші өтінішке Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қаржы кафедрасының магистрі, аға оқытушы Татьяна Гакельберг бірден қолдау білдірді. Оқытушысы іс-шара ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, студенттермен бірлесе отырып, фильмнің түсірілімін аяқтау үшін қаражат жинау бойынша бизнес-жоспар мен жарнамалық кампания құруға жәрдемдесетіндігін жеткізді.   Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты осындай тәжірибелік нәтиже болып табылады.

SKOVectory 6SKOVectory 6SKOVectory 6SKOVectory 6SKOVectory 6SKOVectory 6

Прочитано 11 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.