Среда, 21 ноября 2018 18:17

Ерекше ферма Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

20 қараша күні ҚКХП Маңғыстау облыстық комитетінің белсенділері мен студенттер «Экзотика. Құстар әлемі» атты фермада болып қайтты.

Бұл фермада түйеқұстардың алуан түрлері мен әртүрлі экзотикалық құстар, орман қояндары мекендейді. Таныстыру экскурсиясын ферманың Бекен есімді қожайыны жүргізді. Құстардан басқа бұл жерде ағаштар мен өзге де өсімдіктердің алуан түрін көруге болады. Ферманың мақсаты – экологиялық таза және пайдалы өнім өндіру. Қатысушылар кәсіпорын иесінен ферманың жанында этноауыл орналасатындығын білді.  Қазіргі кезде этноауыл құрылысы жүргізіліп жатыр, болашақта фермада өсірілген азық-түліктен тағам дайындайтын мейрамхана салу да жоспарда бар.

MangEksot 4MangEksot 4MangEksot 4MangEksot 4

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.