Четверг, 22 ноября 2018 13:34

ШҚО коммунистері «Бірге жақсылық жасаймыз» акциясын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 19-21 қараша күндері ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің белсенділері облыс орталығында «Бірге жақсылық жасаймыз» акциясын өткізді.

Акция қала тұрғындары арасында партияның «Шапағат» халықтық жобасын таныстыру мен насихаттау мақсатында жүргізілді. Облыстық комитеттің белсенділері мен Жастар қанатының өкілдері қала тұрғындарына жоба жұмысына атсалуға үндейтін парақшалар таратты. 

Сонымен қатар тұрғын үйлердің ақпараттық тақтайшаларына парақшалар жабыстырылды. Коммунистер мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін қала тұрғындарын обком қызметіне үлес қосуға шақырды.

ҚКХП ШҚОБ баспасөз орталығы

VKOTvoriDobro 5VKOTvoriDobro 5VKOTvoriDobro 5VKOTvoriDobro 5VKOTvoriDobro 5

Прочитано 11 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.