Четверг, 22 ноября 2018 13:54

ҚКХП Қостанай облыстық комитеті пленум өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Осы жылдың 18 қарашасында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті пленум өткізді. ҚКХП ОК-ның Кезектен тыс пленумының ақпараты туралы ҚКХП ОК Хатшысы Дмитрий Легкий хабардар етті. Ол ОК-нің облыстық және қалалық партиялық ұйымдар алдына қойған мақсаттары туралы айтты. Әсіресе жастармен жұмыс жасау және «Сайлау туралы» Заңына енгізілген өзгертулерге байланысты барлық деңгейдегі депутаттыққа үміткерлерді дайындау туралы тілге тиек етілді.

Обкомның бірінші хатшысы А.Әлімбаев та ҚКХП ОК-ның Кезектен тыс съезі туралы сөз қозғады. Ол ҚКХП Жарғысы мен ҚКХП Бағдарламасы және ОК Ережесіндегі өзгертулерге кеңінен тоқталды. Қатысушыларды обкомның 2019 жылға арналған міндеттері туралы хабардар етті. ҚКХП ОК Кезектен тыс съезінің Қаулысын оқыды. Сонымен қатар пленумда ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің 2018 жылдың екінші жарты жылдық жұмыс  есебі тыңдалып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылды. Обком жетекшісі өткізілетін іс-шаралар сапасын арттыру мақсатында бюро мен облыстық комитет мүшелерінің құрамын толықтыруды ұсынды.  Күн тәртібінің барлық сұрақтары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

ҚКХП Қостанай ОК

KostPlenum 7KostPlenum 7KostPlenum 7KostPlenum 7KostPlenum 7KostPlenum 7KostPlenum 7

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.