Среда, 14 ноября 2018 13:56

Астаналық коммунистер сынамалы онлайн қоғамдық қабылдау жобасының қорытындысын жасады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің онлайн қоғамдық қабылдауының жұмыс істеп жатқанына 6 апта немесе 32 жұмыс күні болды.

Осы уақыт ішінде қоғамдық қабылдауға әртүрлі сұрақтармен 38 азамат жүгінген және олардың саны күннен күнге артып келе жатыр.

Барлық азаматтарға заңгерлік консультация беріліп, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, құзыретті органдарға (сот, полиция, прокуратура, әкімдік және т.б.) шағым жазуға көмек көрсетілді.

Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік жәрдемақы алу мәселесіне қатысты.  Сонымен қатар банк пен коллекторлық ұйымдардың мерзімі өтіп кеткен несие бойынша талаптарының және әкімдіктің мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін тартып алу заңдылығына қатысты сұрақтар бар. 

Өтініштер бойынша екінші орында ТКШ-ға қатысты сот шешімдерінің орындалмау мәселелері тұр.

Салық, еңбек, сақтандыру, отбасы заңнамалары аясындағы қолданыстағы нормаларға  қатысты шағымдар аз түскен.

Астана қалалық комитеті онлайн қоғамдық қабылдауды дамыту жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.

AstanaPr

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.