Бұған сотқа дейінгі тергеу, бас мердігер мен қосалқы мердігерде атом энергиясы мен радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге рұқсат беретін лицензияның болмауы сияқты әртүрлі себептер айтылды.
Осы жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен құрылған комиссия Ядролық медицина орталығының құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру үшін жоба-сметалық құжат әзірлеу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты. Орталық пен консервацияның аяқталмаған құрылысын қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп, нысан күзетке алынды. Бұл әрекеттердің барлығы бастапқы сметалық құнды көбейтіп отыр.
Қазіргі таңда Орталықтың қашан пайдалануға берілетіндігі анықталмаған.
Осыған орай Семей қаласы аймақтық онкология диспансері жанындағы Ядролық медицина орталығының құрылысын аяқтау бойынша нақты шаралар қабылдауды және пайдалануға берілудің нақты мерзімін анықтауды сұраймыз.
Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.
Құрметпен,
Мәжіліс депутаттары
«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері
М. Магеррамов
Ж. Ахметбеков
Г. Баймаханова
А. Қоңыров
В. Косарев
И. Смирнова
Т. Сыздықов
«Нұр Отан» фракциясының мүшелері
З. Аманжолова
А. Жайылғанова
А. Құрманова
Қазақстан халқы ассамблеясы
депутаттық тобының мүшелері
Н. Жұмаділдаева
Н. Микаелян
Ю. Тимощенко
Ш. Хахазов
22.11.18 ж. жарияланды