Пятница, 23 ноября 2018 16:55

ТМД елдерінің парламенттік фракция көшбасшылары Мемлекеттік Думада бас қосты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров  РФ Мемлекеттік Думасында  өткен «ТМД елдері парламентаралық ынтымақтастығындағы саяси партия фракциялары мен блоктардың өзара әрекет ету рөлі» атты халықаралық конференцияға қатысты. Халықаралық конференцияға 10 посткеңестік мемлекеттің саяси партияларының  27 делегациясының жетекшілері  қатысты.

Халықаралық конференция қатысушылары парламентаралық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар конференцияның күн тәртібінде ұлттық заңнамаларды үйлестіру мен пайда болған сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерге  бірігіп қарсы тұру мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік Дума Төрағасы Вячеслав Володиннің  тапсырмасы бойынша халықаралық конференцияны Мемлекеттік Дума Төрағасының бірінші орынбасары Иван Мельников ашты.

«Біз мұндай тақырыптағы конференцияны алғаш рет өткізіп отырмыз. Конференция жұмысына 10 елден 27 делегация қатысып отыр. Көптеген делегацияларды партия төрағалары немесе тиісті фракция жетекшілері басқарып отыр», - деді ол.

Парламентарий «осы жылдар бойы парламентаралық байланыстың үлкен тәжірибесі жинақталды, ол әртүрлі формада дамып келеді» деп ерекше атап өтті.

Мұндай конференциялар бір бірімізді жақсы түсінуге мүмкіндік береді, - деп сенім білдірді МД Төрағасының орынбасары, «Единая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Неверов.

«Парламентаралық байланыстың мақсаты – елдер арасындағы сенім деңгейін арттыру. Бұл ТМД елдері үшін өте маңызды. Бізде ортақ дүние көп, - деді ол. – Парламенттік дипломатия ел мен оның шетелдегі азаматтарының  ұлттық мүддесін іске асыру мен қорғаудың маңызды құралы болып табылады».

«Справедливая Россия» фракциясының жетекшісі Сергей Миронов кейбір Батыс елдерінің жүргізіп жатқан саяси санкциялары жағдайында мұндай кездесулердің маңыздылығын айта келе, «Өкінішке орай, ынтымақтастықтың мұндай моделін бәрі бірдей түсіне бермейді. Көптеген елдер қырғи-қабақ соғыс заманындағы ескі шаблондарға жармасады, санкция мен ақпараттық соғыс тілінде сөйлесуді жалғастырып келеді» деп айтты.

КПРФ көшбасшысы Геннадий Зюганов  өз сөзінде жаһандық қауіп-қатерге бірлесе отырып қарсы тұру мәселесіне тоқталды. Себебі ТМД–ны тарихи тұрғыдан байланыстыратын дүниелер өте көп. Ал ЛДПР фракциясының көшбасшысы Владимир Жириновский мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұруға шақырды.

«Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі, ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров қатысушыларды фракция мен партияның жұмысы жайында хабардар етіп, Қазақстан коммунистері халықаралық байланысқа, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер және парламенттік фракциялармен тәжірибе алмасуға  әрқашан дайын екенін жеткізді.

«Ескі және Жаңа әлем елдерінің кейбір ішкі күштерінің бастамасымен халықаралық шиеленістің күшеюі жалғасып жатқанын байқап отырмыз. Бұл жаһандық нарықтағы турбуленттілікке әкеп соқтырады және дамушы елдердің экономикасына елеулі әсер етеді. Мұның өзі ТМД елдері үшін белгілі бір қауіп-қатер төндіреді.

Мұндай жағдайда Еуразиялық экономикалық одақ және ТМД  елдері  парламенттік фракцияларының тығыз және қарқынды байланысының маңызы зор.    Бізде ортақ мәселе және ортақ мақсат бар: бірлесе отырып ұлттық мүдде, экономикалық кооперация, өзара көмек пен құрмет ұстанымдары консенсусы негізінде заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерге қарсы іс-қимылдың тиімді алгоритмін табу».

Сонымен қатар конференция аясында бірқатар фракцияаралық кездесулер өтті. Сондай-ақ КПРФ фракциясы мүшелерінің ҚКХП ОК хатшысы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыровпен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі жақ ағымдағы жұмыстарды және алдағы жоспарларды талқылап, бір-біріне комсомолдың мерейтойына қатысты құттықтауларын білдірді.

ҚКХП ОК баспасөз қызметі

РФ МД сайтының материалдары пайдаланылды

GosDumaSNG 6GosDumaSNG 6GosDumaSNG 6GosDumaSNG 6GosDumaSNG 6GosDumaSNG 6

Прочитано 21 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.