Среда, 21 ноября 2018 18:14

Павлодар облыстық комитеті қоғамдық қабылдауының тәжірибесінен Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына көмек сұрап бес баланың анасы келді. Оның айтуынша, бұған дейін отбасы ауылда тұрған, жолдасы әйеліне қол көтеріп, үнемі қорлық көрсеткен. Шыдамы таусылған әйел балаларын алып қалаға қоныс аударған. Бастапқыда тұрақты жұмысы болмаған, нашар саман үйді жалдап тұрған. Уақыт өте келе тұрақты жұмыс орны табылып, отбасы жекеменшік отбасылық жатақханадан бөлме жалдап тұрған. Күйеуімен ресми түрде ажырасып, алимент талап еткен. Міне, осы мәселемен ол обкомның заңгеріне көмек сұрап келді. Бұрынғы күйеуі еш жерде тіркеуде жоқ, ресми түрде жұмыс істемейді, іздестіруге берілген.

Обком қызметкерлері заңгерлік тұрғыдан әзірге ешқандай көмек көрсете алмайды.  Бірақ «Шапағат» жобасы бойынша отбасыға қажетті киімдер берілді. Сонымен қатар ол әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы туралы хабардар етілді. Қазір ол қажетті құжаттарды жинастырып жатыр. Коммунистер құжаттардың жинақталуы мен оның Жұмыспен қамту орталығына тапсырылуын бақылауға алуға уәде берді. Мемлекеттің беретін 24 мың теңгесі бұл отбасы үшін елеулі көмек. Обком қызметкерлерінің сөзінше, олар қоғамдық қабылдауға көмек сұрап келгендердің әрқайсысына қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысады.

ҚКХП Павлодар ОК

PavlPriem 3PavlPriem 3PavlPriem 3

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.