Четверг, 22 ноября 2018 17:28

Ауылдың жағдайы жақсы ма? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің белсенділері Қарғалы ауданы Бадамша ауылында «Ауылдың жағдайы жақсы ма?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде алғашқылардың бірі болып ҚКХП бастауыш ұйымының хатшысы А.Сибағатов сөз сөйледі:

- Біздің ауданда ауылдар мен селолар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көп. Бұлардың әрқайсысында ауылдың өсіп-өнуіне үлес қосып жүрген адамдар еңбек етуде. Бүкіл өмірлерін ауылға арнап, оған балалары мен немерелерін баулып жүргендер де бар. Қарапайым адамдардың күнделікті еңбектері мақсат-міндеттердің орындалуына жетелейді. Мен шаруа қожалығын басқарамын, ол жерде өзім жұмыс жасаймын және 8 отбасын асырап отырмын.

Бұл тақырыпты Жосалы ауылының тұрғыны А.Тұрмұхамбетов жалғастырды:

- Ауыл шаруашылығы өндірісінде басты мақсат өнім өткізу  болып табылады. Ірі тауар өндірушілерде бұл іспен арнайы қызмет айналысады. Ал жеке және шағын үй шаруашылықтары үшін өнімді өткізу үлкен мәселе болып табылады.

Кадр тапшылығы, жол, мектеп және газ мәселесі жайында Велиховка ауылының тұрғыны  Н.Федь сөз қозғады:

-  Әрине, ауылда кадр мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Жұмыс ауқымы бар, бірақ жұмыс кадрлары жетпейді. Мектеп пен Мәдениет үйлерінің жабылуына байланысты жас отбасылар көшіп жатыр. Тұрғындармен кездесу барысында аудан  әкіміне газдандыру мәселесіне қатысты сұрақ қойылды. Оған мынадай жауап алынды: «Ауылдың болашағы жоқ, газ болмайды, газы бар басқа ауылға көшіңдер». Дегенмен ауылда барлығының малдары бар, тұрғындар сүт тапсырады, жаңадан ЖШС ашылды.

 Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, партия мүшесі А.Төремұратов: «Жердің еңбек еткенге берері мол. Иә, әрине, әр адамның өз қуанышы мен қайғысы бар. Бірақ олардың барлығын біріктіретін бәр нәрсе ол – шаруашылық. Ешқандай қиындықтарға қарамастан ауылдарда ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр беріліп, ұрпақ сабақтастығы сақталаған. Осылайша болашақ пен өткеніміз байланыс табады».

AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8AktobeSelo 8

Прочитано 11 раз
Другие материалы в этой категории: « Комсомол ұйымының асқақ мәртебесі

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.