Среда, 14 ноября 2018 14:58

ЖАНЕЛЬ АБУЕВА: БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ – ӨЗІМІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

– Жанель,  неліктен таңдауыңыз коммунистерге түсті?

- Бұған дейін мен біздің еліміздегі партия жұмысы, олардың мемлекет үшін мәні туралы көп ойланбайтынмын. ҚКХП-ның баспасөз қызметінде жұмыс істей бастағалы тереңінен түсіне бастадым. Мен депутаттық сауалдарды және оларға жіберілген жауаптарды оқыдым, коммунистер өзекті мәселелерді көтеріп, олардың оңтайлы шешілуіне ұмтылатындықтарын байқадым. «Шапағат» халықтық жобасының, өткізілетін тыңдаулар мен дөңгелек үстелдердің, акциялар мен өзге де маңызды іс-шаралардың нәтижелерін көрдім.  Мен бұл партияның шынымен де халық үшін қызмет жасап, қалыптасқан жағдайды жақсы жаққа өзгерту үшін жұмыс жасайтынын түсіндім.

- Сөйтіп, компартияның өміріне белсене араласуды жөн санадыңыз?

- Иә. Студенттік кездің өзінде мен өте белсенді студент болдым. ҚазМЗУ-де осы күнге дейін сәтті жұмыс істеп жатқан жобаны құрастырдым.  ҚКХП ОК Хатшысы Айқын Қоңыров партияның Жастар қанатын құру туралы ойды айтып, оның жауапкершілігін маған және қазіргі ҚКЖО төрағасы Радмир Балсаринге жүктегенде, шынымды айтсам, жүрексіндім, бірақ, бұл идея мені қанаттандырды.  Жастар қанатының құрылымын құру керек болды, аймақтық өкілдер қажет болды... Бірақ идея іске асты. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Менің жұмысым мен үшін жаңа көкжиектерді ашты, соның ішінде менің шығармашылық өсуіме де ықпал етті. 

Мен жас ұрпақпен жұмысты өте бағалы деп санаймын. Біз жастар мәселесіне бей-жай қарамауымыз керек. Оларға жол сілтеп, мәселенің шешу жолдарын, тәсілдерін нұсқап отыруымыз қажет. Олардың көкжиектерін кеңейтіп, жаңа идеялар мен бастамаларға бастауымыз керек. Сонымен қатар біз олардың  және Қазақстанның болашақ тағдырына немқұрайлы қарамайтындығымызды көрсетуіміз қажет.

– Жұмысыңыз жайында толығырақ айтып берсеңіз.

- Мысалы, қазіргі кезде ҚКЖО жастар үшін қоғамдық қабылдау жұмысын бастады. «Жедел желі» де жұмыс жасайды. Жалпы алғанда жұмыс ауқымы өте көп. Сауалнама мен аймақтарға шығудан бастап, акциялар мен флеш-мобтарға дейінгі ұйымдастыру жұмыстары.  Бізде журналистика факультеттерінің студенттеріне өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі де қарастырылған.  Олар теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіріп, кездесулерге қатысып, сұхбат алып, ақпараттық мақалалар әзірледі. Бірінші курс студенттері үшін бұл үлкен тәжірибе. Қазіргі таңда біз студенттер үшін тренингтер өткізіп жатырмыз, алдағы уақытта оқыту курстарын ашу жоспарда бар.

Біз басқа да жастар ұйымдарымен тығыз байланыс жүргіземіз. Жуырда «Нұр отан» және «Ақ жол» партиялары жастар бөлімдерінің өкілдерімен кездесу өткізіп, өзара ынтымақтастық пен ортақ жобаларды ұйымдастыру мүмкіндіктері жайлы сөз қозғадық.

- ҚКЖО өз жұмысында әлеуметтік желілерді пайдаланатынын білемін...

- Қазіргі заманда әлеуметтік желілердің рөлін жоққа шығаруға болмайды. Әлеуметтік желі бұл – біздің заманымыздың ең тиімді құралдарының бірі. Әлеуметтік желі ақпарат алмасуды реттеп, біздің қызметіміздің танымалдылығына септігін тигізеді. Біз жастардың ресми кездесулер мен жиындардан жалыққандығын түсіндік. Сондықтан біз өзіміздің іс-шараларды жеңіл әрі еркін формада өткізуге тырысамыз.  Сөйте тұра, біз күрделі мәселелерді шешеміз.

- Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жайында әңгіме қозғасақ. Шенеуніктердің мәлімдемелеріне қарамастан, бұл бағытта аз жұмыс атқарылады. Сіздің ойыңызша, жас қазақстандықтар өз елін сүю үшін не істеу қажет?

- Кез келген азаматтан патриот болуды талап етуге болмайды. Шынымен, атқарылатын жұмыс аз әрі тиімсіз. Азаматтар мемлекетті сүю үшін және оның болашағына сену үшін мемлекет халықтың қамын ойлауы тиіс. Өкінішке орай, статистика мәліметтеріне сенсек, жас қазақстандықтар өз отанынан шетелге кетуге құмар. Бұл мемлекеттің өз азаматтарының болашағына деген немқұрайлығынан пайда болған үрдіс. Жас буын өздеріне қажетті трендті нақты анықтап алады. Ол жеке-дара құндылықтар мен иерархиялық талғам баспалдағын құрады.

- Сіз жастармен тығыз жұмыс жасайсыз. Сіздің ойыңызша, қазіргі заманғы жастар қандай?

- Әрбір жас өзін тұлға ретінде қалыптастыруы тиіс. Өкінішке орай, Қазақстанда жас азаматтардың белсенділіктері басымдыққа ие емес, амал таппай, мәселелермен көмкеріліп қалады. Жастар ақша табу қамын ойлайды. Соның салдарынан олар шетел асып кетіп жатыр. Менің студенттік достарымның біразы шетелге кетті. Мұндай мысалдар өте көп. Әркім өз болашағы үшін алаңдайды. Оған себеп те аз емес: әлеуметтік лифттердің жоқтығы, кемсітушілік, сапалы медициналық және білім беру қызметінің қолжетімсіздігі, жұмыс орындары мен қолжетімді баспананың тапшылығы. Бірақ біз өз социумымызға немқұрайлы болмауымыз керек.  Өмірді жақсы жаққа өзгерту – өз қолымызда. ҚКЖО осындай пікірталастар үшін жастарға алаң ұсынады. Алайда, табыс табу үшін шетел асатын және жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүретін жастардан бөлек белсенді, белгілі бір мақсаттары бар, жігерлі, жұмыс істеуге, білім алуға, дамуға, адамдарға көмек көрсетуге, елін танытуға дайын жастар да бар. 

– Біздің жас оқырмандарымызға айтар тілегіңіз?

– Белсенді және қайратты болыңдар! Жастар жаңа білім мен тәжірибе алу үшін ресурстарды пайдалану керек. Ешқашанда бір орында тоқтап қалуға болмайды. Белсенді азаматтық ұстанымға ие болу керек. Ал біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!

Жазып алған Маргарита НИКИТИНА

Анықтама:

Аты-жөні: Жанель Абуева

Қызметі: ҚКХП ОК хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі

Жасы: 23-те

Хобби: би мен қолөнер

Қызығушылығы:  психология мен тарих

Сүйікті кейіпкері: Кішкентай ханзада

Сүйікті кинофильмі: «Любовь и голуби»

Сүйікті тобы: 30 seconds to Mars

Сүйікті цитатасы: «Адам өз ісімен көрінеді»

Прочитано 6 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.