Среда, 14 ноября 2018 14:25

Unperfectum: БАРЛЫҒЫМЫЗ КСРО-данбыз Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Челябинск қаласынан келген «Unperfectum» рок тобынан сұхбат рок-фестивальдің басталуына бір сағат қалғанда алынды. Кейін белгілі болғандай, бұл топ комсомолдың 100 жылдығына орай ҚКЖО-ның ұйымдастыруымен өткен «Красная волна» рок-фестивалінің жеңімпазы атанды.  Ал біз болашақ жеңімпаздардан сұхбат алып үлгердік.

Рок топтың құрамында төрт музыкант бар. Дмитрий Козлов – вокал, гитара, Алексей Сандаков – гитара, бэк-вокал, Александр Кореновский – бас-гитара,  Денис Котынец – ударные.

 – Дмитрий, топтың құрылғанына қанша уақыт болды?

– Топ 2006 жылы құрылды. Бірақ ол кездегі құрам басқа болатын. Негізін өзім қаладым. Осы құраммен өнер көрсетіп жүргенімізге бірнеше жыл болды.

 – Музыкамен қай уақыттан бері айналысасыз?

– Мен бала күнімнен айналысамын. Бастапқыда фортепианода ойнадым. Музыкалық мектепті тәмамдадым. Жасөспірім кезімде, 13 жастан бастап гитарамен әуестендім. 15 жастан бастап электрогитара, рок, металл т.т. басталды.

– Топ үшін музыка мен мәтінді кім жазады?

– Соңғы кездері барлығымыз бірлесе жұмыс жасаймыз. Бұған дейін Алексей екеуіміз жазатынбыз. 

– Топтың репертуарында қанша ән бар?

– Дебюттік альбомға тоғыз трек енді. Бұған қоса дайын үш ән бар. Бірнешеуі жұмыс барысында.

– Алғашқы альбомдарыңыз қалай аталады?

– «Neomenia». Бұл грек тілінен аударғанда айдың алғашқы фазасы дегенді білдіреді.  Біздің өнеріміздің, еңбегіміздің алғашқы фазасы, дебют.

– Әндеріңіз не туралы?

– Біздің әндердің тақырыбы бұл – қазіргі қоғамның кемшіліктері, адамның ішкі күйзелісі, психологиялық тақырыптар. Арасында лирика мен мистика да бар.

– «Красная волна» рок-фестивалі туралы қайдан білдіңіз?

– Біздің Алексей Қазақстаннан ғой. Сол ұсыныс жасады.

– Жеңіске деген үміттеріңіз қандай?

Алексей Сандаков: Сенімдіміз.

Александр Кореновский: Шамамен 300 пайызға сенімдіміз.

– Жеңімпаз атанған жағдайда, ұтысты қалай жұмсайсыңдар?

Дмитрий Козлов: Топтың дамуына: аспаптарға, аппаратураға, дайындық базасына. Дыбыс жазу, клип түсіру қызметіне де жаратуымыз мүмкін.

 – Музыка сіздердің негізгі кәсіптеріңіз бе әлде хобби ма? Өмір сүру үшін ақшаны қайдан табасыздар?

Дмитрий Козлов: Есеп және қаржы. Мен бас есепшімін.

Александр Кореновский: Мен бағдарламашымын. Ақпараттық технологиялар бөліміне жетекшілік етемін. 

Алексей Сандаков: Мен металпрокат сатамын.

Денис Котынец: Мен инженер-жобалаушымын.

Александр Кореновский: Біз өз ісімізді жақсы көреміз. Музыка бізге үлкен шабыт сыйлайды. Бұл ақшадан да қымбат. Сахнада өнер көрсетіп тұрып, халықтың ықыласына бөлену сезімін еш нәрсемен салыстыруға болмайды.

–       Ата-аналарыңыздың пікірі қандай? Олар сіздердің музыкаларыңызды тыңдайды ма?

Дмитрий Козлов: Басында түсініспеушілік болды. Кейін олар да үйренді, қазір құрметпен қарайды. Тіпті ынталандырып отырады.

Александр Кореновский: Менің анама өте қатты ұнайды.

Денис Котынец: Менің әкем бұған дейін рокқа жабайылық деп қарайтын. Мен рокпен айналыса бастағанда ол мені ойымнан айнытпақшы болды. Мені түсінбейтін. Ал қазір байқап отырсам, үйде жаттығу жасап жүріп біздің әндерді қосып қояды.

– Рок-фестивальді, оның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?

Александр Кореновский: Барлығы керемет. Таңдап алынған орын да, аппаратура да ұнап жатыр. Кештің жақсы өтетіндігіне сенімдіміз.

– Фестиваль ұйымдастырушыларына айтар тілектеріңіз?

Дмитрий Козлов: Жоғары рейтинг. Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!

Александр Кореновский: Әрі қарай дами берсін, ізбасарлары көп болсын.

– Коммунизм мен оның ұстанымдарына деген көзқарастарыңыз?

Дмитрий Козлов: Міне (футболкасындағы комсомолдық төсбелгісін көрсетіп тұр), маған әкем сыйлады. Менің ата-анам өздерінің жастық шақтарын, 70-жылдарды тебіреніп еске алады. Мен партия құрамында жоқпын, бірақ бұл идеологияға деген көзқарасым оң.  Біз барлығымыз бір мемлекетте дүниеге келгенбіз. Алексей бізде Көкшетаудікі, Қазақстаннан, біз Ресейденбіз, барлығымыз КСРО-данбыз. 

– Болашақта өздеріңізді белгілі бір партияның құрамынан көре аласыз ба?

Дмитрий Козлов: Мүмкін, себебі саясатқа деген қызығушылығым бар.

– Рахмет.

Әңгімелескен

Әсия КҮЗЕМБАЕВА

ПОБЕДИТЕЛЬПОБЕДИТЕЛЬ

Прочитано 8 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.