Пятница, 23 ноября 2018 10:01

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Е.А. Досаевқа

Депутаттық сауал

Құрметті  Ерболат Асқарбекұлы!

Денсаулық сақтау саласы реформаларды қажет ететіндігі сөзсіз, бірақ,   аталмыш реформалар ұсынып отырған медициналық қызмет деңгейі халықтың көңілін көншітпей отыр. Бұған Мемлекет басшысының ведомствоға қатысты айтқан сыны да дәлел.

Кез келген істің  нәтижелі болуы кадрларға байланысты. Біздің ойымызша, отандық медицинаны революциялық мерзімде ешбір дайындықсыз, алдын-ала қажетті жағдай жасамастан, әсіресе сандық және сапалық кадрлық дағдарыс кезінде  әлемдік стандарттарға ауыстыру үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін.

Кадрлық перспективалардың өзіндік қиындықтары бар, жекелеген аймақтарда  50 жастан жоғарғы жастағы дәрігерлер үлесі 40-60 пайызды құрайды.

Салада дипломы бар мамандар көп, бірақ мемлекеттің құрылу кезеңінде білім алған білікті дәрігерлер тапшылық. Олар ресми медицинаның абыройына өз «үлестерін» қосып келеді. Олар тиімді емдеуге, алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеруге, заманауи ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалануға қабілетсіз. Сарапшылар  халық арасында бақсылық пен шаманизмнің кеңінен таралуын осы жағдаймен байланыстырады.

Медқызметкерлерді кәсіби талаптарға сай келетіндігін тексеру үшін қайта аттестациядан өткізу қажеттілігі айдан анық.

Үкімет бұл мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қолдануда: ЖОО-да медицина факультеттерін, медқызметкерлерді оқытатын орталықтар, медбикелер үшін бакалавриат ашып жатыр, медқызметкерлердің жалақысын өсіріп жатыр, ауылды жерлерге жұмыс істеуге баратын жас мамандарға әлеуметтік пакеттер ұсынылады.  

Дегенмен медицина саласында кадр мәселесі тиімді әрі жылдам шешілуі тиіс деп санаймыз. Біздің ойымызша, реформаларға қолдау ретінде денсаулық саласында нақты Мемлекеттік кадрлық бағдарламаны қабылдау және жариялау қажет.

Ол қысқа мерзім ішінде жастар арасында медқызметкерлер мамандығына деген қызығушылықтың артуына септігін тигізіп, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайға байланысты шетел асып кеткен дарынды дәрігерлерді қайта қайтаруды қарастыруы тиіс.  Біздің ойымызша, дәрігерлердің жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан төмен болмауы тиіс, кәсіби дәреже өскен сайын жалақы да артып отыруы керек.

Жоғары білікті дәрігерлерді дайындауда мыңдаған дарынды медбикелердің де тәжірибесін пайдалануға болады. Олардың заманауи медқұрылғыларда жұмыс істеу тәжірибесі жетерлік. Бұл санаттағы медқызметкерлер үшін ЖОО мемлекеттік грант ұсыну, белгілі бір жеңілдіктерді қарастыру аса маңызды. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде қарастырылуы тиіс.

Білікті оқытушы-профессорлар құрамының тапшылығы жағдайында аймақтағы университеттердің жаңа медфакультеттерінде кәсіби тұрғыдан маман даярлауды ұйымдастыру бірқатар салалық министрліктердің жете назарын қажет етеді.  Статистикалық мәліметке бола кадрларды даярлау сапасын төмендетіп алуға жол бермей қажет.

Мемлекет үшін ұлт саулығының маңыздылығын ескере отырып, Президенттің ұстаздарға қатысты бастамасын негізге ала отырып, «Медқызметкерлер мәртебесі туралы» заң құрастыру бастамасын көтерген жөн болар. 

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша түрде ұсынуыңызды сұраймыз.

Құрметпен, «Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

Т. Сыздықов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

22 қараша 2018 жылы жарияланды

Прочитано 25 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.