Среда, 28 ноября 2018 17:49

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Біз бұл депутаттық сауал арқылы Үкіметтің назарын кітапханашылардың еңбек жағдайына, кітапхана қоры мен жалпы кітапхана саласындаңы мәселелерге аудартқымыз келіп отыр. Кітапхананың тәрбиелеу мен білім беру ісінде, кітап оқуды насихаттауда, рухани құндылықтар және тұлға мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда атқаратын рөлі зор.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан кейін елдегі кітапханалар қызметінің маңыздылығы арта түспек.

Осыған орай Қазақстан кітапханаларының электронды ақпараттық ресурстарын бірыңғай интеграцияланған жүйеге біріктіруді; халықты ақпаратпен қамтудың заманауи талаптарына сай кітапхана қорын жаңартуды; кейбір аймақтарда болып жатқан кітапханалар желісін оңтайландыруды қайта қарастыруды; тұтынушыларға арналған жаңа қызмет түрлерін енгізу арқылы кітапханалардың ұсынатын қызмет түрлерін кеңейтуді; мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету  жағдайын жасауды, бұл қызметке ресурстар мен кітапхана қызметінің қолжетімділігі, арнайы құралдар мен бағдарламалармен жабдықталуы, қажетті кітапхана қызметкерлерінің құзыреттілігімен қамту жатады; кітапхана қызметкерлерінің жалақысын арттыруды; кітапхана саласын білікті мамандармен қамту мәселесін шешу үшін тиісті шара қабылдауды; кітапханалардың материалды-техникалық, технологиялық базасы мәселесін шешуді; «Кітапхана ісі туралы» Заңды құрастыру мүмкіндігі мен «Кітапханашылар күні» кәсіби мерекесінің  бекітілуін қарастыруды ұсынамыз.

Депутаттық сауалға жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз. 

Құрметпен, Мәжіліс депутаттары

«Халық коммунистері» фракциясының мүшелері:

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

Қазақстан халқы ассамблеясы

депутаттық тобының мүшелері

Н. Жұмаділдаева

Н. Микаелян

28.11.18 жылы жарияланды                              

Прочитано 21 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.