Среда, 28 ноября 2018 19:03

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті  Бақытжан Әбдірұлы!

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы арқасында Үкімет электр қуаты мен көмір бағасын төмендету үшін тиісті іс-шаралар қабылдап жатыр.

Бас прокуратура электр қуаты бағасын негізсіз өсіргендерге тиісті шара қолданып жатыр. Тарифтердің арту себептері мен оған айыптылар да белгілі болды. Оларды қудалау және халыққа тиесілі қаражатты қайтару бойынша шара қабылданды.

Ал көмірге қатысты жағдай басқаша. Ұзақ жылдар бойы көмір қымбат бағамен сатылды, бірақ Үкімет те, құзіретті органдар да бұған қатысты ешқандай шара қабылдамады.

Қазіргі таңда көмірдің бағасы негізсіз 20-25 пайызға көтерілгендігі белгілі болып отыр. Біздің азаматтарымыз әрбір тоннаға артық 2 теңге төлеп отырған. Бұл ресми қабылданған сомма ғана, мемлекет бойынша ол 14,6 млрд теңгені құрайды. Көп жағдайда көмір қаппен өте жоғары бағаға сатылған.

Азаматтарға заңсыз алынған ақшаларын кім қайтарады? Үкімет бұл жағдайдан бейхабар болды ма, көптеген азаматтардың шағымдарына неге құлақ аспады, біздің фракция мен өзге де депутаттар бұл жайында талай рет дабыл қақты.

Халық өндірілген көмірдің 7 пайызын ғана тұтынады, оның 90 пайызы ірі тұтынушыларға және экспортқа кетеді. Бұл істің табысы қандай? Ол жерде де осындай көтерме баға бар ма?

«Еркін нарық» идеологиясына құмарланған Үкімет ел азаматтарының өмірлік сұраныстарын шешуден өздігінен шеттеліп отыр.

 Мемлекеттік органдар «өткізушілер маржаны 60-70 пайызға төмендету туралы келісті» («Казахстанская правда» газетіндегі мақаладан, 27.11.2018 ж.) деп мәлімдеді.

Бұл табысты төмендетудің еркін түрі. Біз Үкімет табыстың шынайы және объекивті нормасын қашан бекітетіндігін және оны трейдерлерден ғана емес, өндірушілерден бақылап отыруын күтіп отырмыз. Ең бастысы Үкімет әрбір отбасының жылу мен жайлылықта өмір сүруін ойлай бастаса. Сіз көмірдің  мүгедектер мен көпбалалы отбасылар және жекелеген зейнеткерлер үшін тегін берілу амалын ойластырсаңыз, біз өзімізді әлеуметтік мемлекет деп батыл айта аламыз.

Еліміздің бай жер қонауы таңдаулылардың емес, барлық азаматтардың игілігі. Мұны капиталистік әлемде тұратын мемлекеттер де мойындаған. Нарықты тежеусіз арам пайда емес, қоғамның мүддесіне сай құрудың уақыты жетті.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша беруіңізді сұраймыз.

«Халық коммунистері» фракциясының депутаттары:

В. Косарев         

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

28.11.2018 ж. жарияланды

Прочитано 28 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.