Среда, 28 ноября 2018 13:45

Астана қалалық комитетінің хатшысы «Spina Bifida» ҚБ президентімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов «Spina Bifida» қоғамдық бірлестігінің президенті Арайлым Құмаржановамен кездесті. Бірлестіктің мақсаты - Spina Bifida мүгедектік диагнозы бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың өмір сапасын арттыру, сонымен қатар Қазақстанда Spina Bifida ауруымен ауыратын балалардың ата-аналарына психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету.

Spina Bifida бұл – омыртқа мен жүйке түтігі дамуының туа біткен патологиясы. Ол қуық пен ішектің дұрыс емес жүйкеленуіне, олардың  қызметінің бұзылуына  әкеліп соқтырады, аяқтың қозғалыс қызметін бұзып, кейбір жағдайларда сал ауруына шалдықтырады.   Бұл паталогия жаңа туған 1000 нәрестенің әрбір 7-де кездесуі мүмкін.  

Кездесу барысында А.Құмаржанова Н.Оразхановты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Сондай-ақ екі жақ алдағы уақыттағы ортақ жұмыстарды талқылады.

SpinBifida 2SpinBifida 2

Прочитано 19 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.