Обком хатшысы Н.С.Есенәлиев БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған республикалық конференцияның жұмысы жайында баяндап берді. Конференция барысында жастар саясатындағы кемшіліктер мен олардың шешу жолдары кеңінен талқыланды. Еліміздің жастарына мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету маңыздылығы да айтылды.
Сонымен қатар обком хатшысы «Конференция қатысушылары Мемлекет басшысының 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау шешімін толыққанды қолдайды және мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы байланыс оң нәтиже беретіндігіне сенім білдіреді», - деп ҚКХП ОК Хатшысы Д.Легкийдің пленумдағы баяндамасынан үзінді келтірді.