Среда, 28 ноября 2018 16:31

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттарына

(тізім бойынша)

8 қараша 2018 жылғы №ДЗ-189

Құрметті депутаттар!

Сіздердің 7 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сапалы оңалту мен қатынас құралдарын сатып алу үшін мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға тікелей қаржы бөлуге қатысты  жариялаған депутаттық сауалдарыңызға қатысты  жауабымыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 шілде 2005 жылы №754 қаулысымен бекітілген мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдар мен арнайы қатынас құралдарының тізіміне техникалық оңалту құралдарының 55 атауы кіреді. Олар мынадай функционалды топқа бөлінген:  протезді-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық, тифлотехникалық, арнайы қатынас құралдары, міндетті гигиеналық құралдар. 

Сапалы техникалық оңалту құралдарын сатып алу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аймақтардағы әкімдік жетекшілеріне Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсыныстарды бекітіп жолдаған. Бұл әдістемелік ұсыныстарда мемлекеттік бюджет қаражатына сатып алынатын тауардың функционалды, техникалық, сапалық және эксплуатациялық сипаттамалары белгіленген (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минист рінің 20 тамыз 2018 жылғы №359 бұйрығы).

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға қызмет пен тауарды монетизациялау мәселелесі 2014 жылы қарастырылды. Қолма-қол төлеу технологиясы тұтынушы таңдауын кеңейтеді, бірақ көп жағдайда қаражатты мақсатсыз жұмсауға әкеліп соқтырады.

Осыған орай, 2018 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің орнықты дамуы: әлеуметтік интеграция және инклюзия бойынша бағдарламаларды ілгерілету» БҰҰ-ның  даму бағдарламасының ортақ жобасы аясында «Әлеуметтік қызмет порталы» ақпараттық жүйесі негізінде баламалы нұсқа құрастырылды.  Бұл жерде мемлекеттік бюджет есебінен тауар мен қызмет ұсынушыны жеке-дара таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл портал бірыңғай сандық алаңда әлеуметтік қызмет ұсынушыларды және пайдаланушыларды біріктіреді және халықтың аз мобильді тобына сапалы қызмет, құрал-жабдықтар мен ассистивті технологияларды сатып алуға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға жеке қажеттіліктеріне байланысты өздері таңдап ала алатын қызмет пен құралдардың, техникалық оңалту құралдары және т.б. тізімі қолжетімді болады.

Е. Досаев

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі

депутаттарының тізімі

  1. И. Смирнова
  2. Ж. Ахметбеков
  3. Г. Баймаханова
  4. А. Қоңыров
  5. В. Косарев
  6. М. Магеррамов
  7. Т. Сыздықов
  8. З. Балиева
  9. Ж. Омарбекова
Прочитано 16 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.