Пятница, 30 ноября 2018 10:37

Халық коммунистерінің Вьетнамдағы ресми сапары. Бірінші күн Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының делегациясы ресми сапармен Вьетнам елінде болды. Жұмыс сапарының алғашқы күні қазақстандық делегация Вьетнам Коммунистік партия Орталық Комитетінің мүшесі, ВКП ОК Халықаралық бөлім меңгерушісі Хоанг Бинь Куан жолдаспен кездесті.

Кездесу барысында Хоанг Бинь Куан Социалистік Вьетнам Республикасы мен Қазақстан арасындағы екі жақты байланыстың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. 

ВКП ОК мүшесі халық коммунистері өкілдеріне алғысын білдіріп, екі коммунистік партия арасындағы байланыс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен ынтымақтастықтың дамуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Хоанг Бинь Куан жолдас қалыптасқан халықаралық жағдай аса қауіпті деп баға беріп, Вьетнам Социалистік Республикасы мен Қазақстан өздерінің сыртқы саясаттарында егемендік пен тәуелсіздік ұстанымдарына берік екендігін және елдер арасындағы шиеленістерді азайтып, сенім арттыруға септігін тигізетін кез келген шараларды қолдайтындығын жеткізді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің идеология жұмыстары жөніндегі Хатшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Легкий өз сөзінде вьетнамдықтарға алғыс білдіріп, Қазақстан халқы  шетелдік агрессорларға қарсы күресте өздерінің тәуелсіздіктері мен әлеуметтік-экономикалық даму жолын сақтай алған вьетнам халқының ерлігін жоғары бағалайтындығын айтты.

«Біздің елдер бір бірімен ешқашан соғыспаған, халқымыз бір біріне жау емес. Қазақстан мен Вьтенамды жаһандық деңгейдегі экономикалық, саяси және ұлттық қауіпсіздік саласында ортақ сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер біріктіреді. Вьетнам мен Қазақстанның коммунистік партиялары арасындағы байланыс туралы айтатын болсақ, партияаралық байланыстағы ашықтық пен сенімділікті ерекше атап өтуге болады.  Қазақстанның коммунистері әрқашанда халықаралық байланысқа, өзара ықпалдастыққа және өзге елдердің саяси партияларымен, қоғамдық бірлестіктерімен, парламенттік фракцимяларымен  тәжірибе алмасуға дайын», - деді өз сөзінде ҚКХП ОК хатшысы. 

 Пікір алмасу нәтижесінде екі жақ  мемлекет пен халықтарды жақындастырудың маңызды дипломатиялық құралы ретінде парияаралық байланысты дамыту қажеттігі туралы шешімге тоқталды.

Кейін қазақстандық делегация ел астанасы Ханоеда орналасқан Әдебиет ғибадатханасына экскурсияға барды. ХІ ғасырдың екінші жартысында ғибадатханада ұлттық университет болған. Бұл жерде Вьетнамның мыңжылдық өркениетінің тарихи ескерткіштері сақталған. Олардың арасында Конфуций мен оның оқушыларының мүсіндері, сонымен қатар ежелгі құрылыс Гуэ Ван павильоны мен Діни зал бар.

Ғибадатханада тастан жасалған тасбақалардың үстіне орнатылған 82 стела сақталған. Әрбір стелада патша емтиханынан сүрінбей өткендердің есімдері жазылған. Әдебиет ғибадатханасының стелалары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік құжаттар мұра нысандары тізіміне енген.

Сұлтанбек Сұлтанғалиев,

ҚКХП ОК мүшесі,  саясаттанушы

VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5

Прочитано 7 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.