Пятница, 30 ноября 2018 11:43

Халық коммунистерінің Вьетнамдағы ресми сапары. Екінші күн Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

27 қараша күні Вьетнам еліндегі Қазақстан Коммунистік Халық партиясының делегациясы ВКП Орталық Комитетінің халықаралық бөлім меңгерушісінің орынбасары Нгуен Туан Фонг жолдаспен кездесті. Өз сөзінде Нгуен Туан Фонг қазақстандық меймандарға елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының заманауи кезеңі туралы хабардар етті.

Вьетнамда отыз жыл бұрын мемлекеттің экономикалық және қоғамдық өмірін жаңғырту бағдарламасы қабылданған, сондай-ақ 2011 жылы социализмге өту кезеңінде ел құрылысының бағдарламасы жаңғыртылған. Партия мен Үкімет алға қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін күш салып келеді. Вьетнам Коммунистік партиясы өз қатарындағы сыбайлас-жемқорлыққа және бюрократияға қарсы күрес жүргізіп келеді. Вьетнамдық коммунистер елдің экономикалық және саяси кемшіліктерін шынайы бағалап, оны барынша еңсеруге күш салады. 

Нгуан Туан Фонг Вьетнамның өзара сыйластық ұстанымдары негізінде іске асырып отырған партияның көп векторлы саясаты ұстанымын атап өтті. Қазіргі таңда Вьетнам Коммунистік партиясы әлемнің әртүрлі елдерінің 240 саяси партиясымен байланыс орнатқан. Бұл партиялардың 28-і басқарушы партия болып табылады.

Вьетнамдық коммунист қазақстандық коммунистерге Қазақстандағы ВСР Елшілігімен белсенді ынтымақтастық үшін алғыс айтып, Вьетнам мен Қазақстан коммунистерінің арасындағы қарым-қатынастың әрі қарай дамуына сенім білдірді.

 ҚКХП ОК Хатшысы, ҚКХП делегациясының жетекшісі Дмитрий Легкий Қазақстан Коммунистік Халық партиясы шетелдік саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктермен белсенді ықпалдастыққа және тәжірибе алмасуға тырысатындығын айтты.

  «ҚКХП-ның сыртқы саяси бағдарын іске асыру басымдықтарының ішінде Азия және Латын Америкасы, посткеңестік кеңістік елдерінің коммунистік партияларымен ынтымақтастықты дамыту бар. Сонымен қатар біз солшыл еуропалық партияларымен де байланыс орнатып жатырмыз. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының халықаралық коммунистік қозғалыстармен байланысының айқын бейнесі ретінде 2017 жылдың 16 ақпанында ҚКХП ОК кеңсесінде ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыров пен ОК аппарат жетекшісі Виктор Смирновтың Қазақстандағы Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупомен өткен кездесуді атап өтуге болады. Куба Елшілігінің бастамасымен өткен кездесуде Эмилио Пупо партияаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығаюына үлес қосатындығын айтты. Елші ҚКХП өкілдеріне Бостандық аралындағы АҚШ блокадасы мәселесінде Куба ұстанымын қолдағандығы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Қазақстан компартия делегациясының Куба Республикасына сапарын қарастыру мүмкіндігін ұсынды.

Келісімдердің қол жеткізген  нәтижесі ретінде Қазақстан Коммунистік жастар одағының жетекшісі Радмир Балсариннің 2017 жылдың сәуір-мамыр айларындағы Куба еліне сапарын атап өтуге болады. Сапар барысында Р.Балсарин Халықаралық еңбекшілер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, жастар коммунистік ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Биылғы жылы Орталық Комитеттің кеңсесінде Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо мен ҚКХП ОК Хатшысы Айқын Қоңыровпен кездесуі өтті.  Кездесу барысында екі жақ ағымдағы ақпаратпен бөлісіп, алдағы жылға жоспар құрды.

Сондай-ақ Астанада өткен жылдың 16 мамырында ҚКХП ОК Хатшылары мен «Халық коммунистері» фракциясы депутаттарының  Чех Республикасы Парламентінің депутаттар палатасы төрағасының орынбасары, Чехия мен Моравия Коммунистік партияларының төрағасы Войтех Филиппен кездесуі өтті. Кездесу қатысушылары елдегі және әлемдегі ағымдағы саяси жағдайды талқылады. Екі жақ партияаралық ынтымақтастықты және Чех Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ыннтымақтастықты нығайтуды қолдайтындықтарын айтты. 

2017 жылдың қыркүйек айында Орталық Комитет өкілдері КОКП-КПО  Съезінің жұмысына қатысты, ал  сол жылдың 2-7 қараша күндері ҚКХП делегациясы Ресей Федерациясы Коммунистік партиясының шақыртуымен Ұлы Қазан социалистік революциясының мерейтойына арналған Санкт-Петербург пен Мәскеуде өткен мерекелік іс-шараға қатысты. 

2017 жылдың қараша айында партиямыздың Орталық Комитеті Ұлы Қазан революциясының 100 жылдығына арналған Халықаралық конфренция ұйымдастырды. Оған КПРФ, Грузия Компартиясы мен Вьетнам, Куба, Ресей, Қытай, Белоруссия елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері қатысты. Құттықтау хаттары Украина мен Белоруссия коммунистік партияларының атынан оқылды.

 2018 жылдың сәуір айында ҚКХП Алматы ҚК бірінші хатшысы Әлібек Шапеновтың бастамасымен комсомолдың 100 жылдығына арналған «Алматы – Ульяновск» автошеруі өтті. Шеру барысында КПРФ-тың жергілікті партия комитеттері өкілдерімен алты кездесу өткізілді.

 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған Мәскеуде өткен салтанатты іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Владислав Косарев Ресей Федерациясының танымал қоғам қайраткерлеріне «БЛКЖО-ға 100 жыл» мерейтойлық медальдарын табыстады. Біз бірлесе жұмыс атқарған кезде ғана алға қойған мақсаттарға жете аламыз», - деді ҚКХП ОК хатшысы Д.Легкий.

Сонымен қатар 2019 жылы Үшінші интернационалдың 100 жылдығына орай коммунистік партиялардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу жоспары айтылды.

Сұлтабек Сұлтанғалиев,

ҚКХП ОК мүшесі, саясаттанушы

VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5VizitVyetnam 5

Прочитано 10 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.