Облыс аумағында Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 27 ескерту жүйесі орнатылған. Алайда олардың басым бөлігі жаңғыртуға сұранып тұр. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД өкілі жасаған баяндамада айтылды.
Басқосу барысында Денсаулық сақтау басқармасы мен Атырау облыстық Төтенше жағдайлар, табиғат апаттарын жою және алдын-алу, азаматтық қорғаныс, мобилизациялық дайындық басқармасы және полиция департаменті мен жергілікті БАҚ өкілдерінің пікірі мен ұсынысы тыңдалды.