Среда, 05 декабря 2018 16:21

Халық коммунистерінің Вьетнамдағы ресми сапары. Комсомол – Вьетнам партиясының кадрлық қоры (Жалғасы. 3 бөлім) Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

27 қараша күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының делегациясы Вьетнам республикалық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Елдегі жастар қозғалысы  жоғары ұйымдастырушылық деңгейге қойылған: Вьетнамда республикалық және аймақтық маңызы бар 67 жастар ұйымы жұмыс істейді. Вьетнам жастар ұйымдарының өкілдері Қазақстаннан келген әріптестеріне комсомолдық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Вьетнам комсомолы жас вьетнамдықтардың білім алуы мен жұмысқа орналасуларына  көмек көрсетуді өздерінің басты мақсаты санайды.  Бұл мәселені шешу үшін комсомол мемлекеттік және партиялық органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Сонымен қатар комсомолдық ұйым мұқтаж жастарға материалды көмек көрсетумен де айналысады.  Әлеуметтік желілердегі насихат жұмыстарына көп мән беріледі.

ҚКХП ОК Хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Жанель Абуева Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Жастар қанатының ағымдағы қызметі мен мақсат-міндеттері және басымдықтары туралы айтып берді. 

«Қазақстандық комсомол белсенді түрде іс-шаралар, оқыту курстарын, тренингтер мен семинарлар өткізеді. Аймақтарға шығып тұрады. Біз қоғамдық қабылдау ашып, жедел желі арқылы қоңыраулар қабылдаймыз. Бұл арқылы біз адамдарға көмектесіп қана қоймай,  комсомолдықтардың әлеуметтік, азаматтық жауапкершіліктерін арттырамыз. Сонымен қатар біз жастар арасында әлеуметтік әділеттілік идеясын насихаттау үшін тиісті идеологиялық жұмыстар да атқарамыз. Біз жастармен жұмыс жасауда дәстүрлі емес, креативті формалар мен әдістерді пайдалануға тырысамыз. Заман талабы мен жастардың талғамына сай болуға әрекет жасаймыз. Мысалы, БЛКЖО-ның 100 жылдығына біз «Красная волна» халықаралық рок-фестивалін ұйымдастырдық. Бұл іс-шара жас аудиторияның назарын аудартты», - деді Жанель Абуева. 

Қостанай облысы бастапқы партиялық ұйымның жетекшісі, ҚКХП мүшесі, танымал журналист Александра Сергазинова Қазақстандағы жастар саясатының басым бағыттарына тоқталды. Ол «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы, ЖОО-дағы мемлекеттік білім гранттары туралы айтып, мемлекеттің жұмысшы мамандықтарды меңгеруге қолдау білдіретіндігі туралы хабардар етті. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Сондықтан республикада алдағы уақытта жастарды қолдауға бағытталған жаңа бағдарламалар қабылданады.  А.Сергазинованың пікірінше, мемлекет жастарды партиялық ұстанымдары бойынша жіктемеуі тиіс, себебі олар ертеңгі күнгі Қазақстанда өмір сүріп, қызмет жасайды. 

ҚКХП өкілдері мен Вьетнам жастар ұйымы бір бірлеріне естелік сыйлықтар табыстап, ынтымақтастықтың әрі қарай дамуына сенім білдірді.

VietnamLegkiy 3VietnamLegkiy 3VietnamLegkiy 3

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.