Четверг, 06 декабря 2018 14:19

Павлодарлық коммунистер интернационал-жауынгерлермен кездесу өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 желтоқсан күні ҚКХП Павлодар облыстық комитеті Павлодар қаласында тұратын Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді.

«Павлодар облыстық комитетінің мүшелері бұл соғыста туыстары мен жақындарынан айырылғандардың қайғысын бірге бөліседі, сол оқиғалардың барлық қатысушыларына үлкен құрмет білдіреміз. Соғыс жолы әрқашанда қорқынышты. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіс туралы жиі айтамыз, бірақ тағы да бір соғыс туралы ұмытамыз. Ешкімге және ешкіммен жарияланбаған, қаһармандық және қайғылы соғыс. Көптеген сарапшылар мен тарихшылар Ауғанстандағы соғысты ең қатыгез соғыс деп атайды. Кеңес Одағының мыңдаған әскери қызметкерлері өзге елдердегі шиеленістерде қаза тапты. Соғыс жас жігіттердің өмірлерін өзгертті. Бірақ бұған қарамастан, олар өздерінің азаматтық борышын адал орындады, өздерінің анттарына берік болды», - деді кездесу барысында Павлодар ОК бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова.

Интернационал ардагерлер Павлодар облыстық комитеті жетекшісінің әңгімесін қолдап, Павлодар қаласында танымал бард Александр Розенбауммен өткен кездесу жайлы айтты. А.Розенбаум жергілікті ауған-жауынгерлерімен бірге жуырда қайта жөндеу жұмыстарынан өткен Ауғандықтар саябағына барып, Ауғанстан соғысында қайтыс болған интернационал-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойған. 

PavlAfgancy 4PavlAfgancy 4PavlAfgancy 4PavlAfgancy 4

Прочитано 12 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.