Среда, 05 декабря 2018 15:36

Халық коммунистерінің Вьетнамдағы ресми сапары. 4 бөлім. Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жұмыс күнінің соңында ҚКХП делегациясы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Фань Динь Чак жолдаспен кездесті. Вьетнамдық коммунист Қазақстан және оның көшбасшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақ аясында еуразиялық мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын күшейту бастамасымен байланысты заманауи интеграциялық үдерістердің жоғары деңгейін атап өтті.

Сонымен қатар Вьетнам Еуразиялық одақпен еркін сауда аймағы туралы келісім орнатқан алғашқы елдердің бірі екендігі де айтылды.

ҚКХП ОК Хатшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дмитрий Легкий өз сөзінде: «Орталық Комитет пен ҚКХП ОК Саяси бюросы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы мен мыңдаған коммунистердің атынан бауырлас Вьетнам Коммунистік партиясының ел мен халық игілігіне жасап жатқан еңбектеріне сәттілік тілеймін. Белгілі бір елдердің бастамасымен халықаралық шиеленістің ушығуы, Қазақстан мен Вьетнамның әлеуметтік-экономикалық ахуалының  нашарлауы жағдайында бізде мақсат ортақ: сәтті дамып келе жатқан отандық экономиканың  негізін қамтамасыз ету,  соның ішінде тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту, инвестициялық саясат пен екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру, мемлекеттік қауіпсіздікті нығайту, ұлттық мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтау болып табылады.

Қазақстанның  халық коммунистері бұл аймақта болып жатқан саяси оқиғаларды бақылап, вьетнамдық коммунистердің сәттіліктері үшін қуанып отырады. Біз заманауи халықаралық коммунистік қозғалысты дамытудың қуатты катализаторы Вьетнам Коммунистік партиясының қызметі болып табылады деп санаймыз. Осы ресми сапар барысында бұған тағы бір мәрте көзіміз жетіп отыр. Вьетнамдықтардың қол жеткізген жетістіктері таң қалдырмай қоймайды» деді.

Сонымен қатар кездесуде 2019 жылы Үшінші Коммунистік Интернационалдың жүз жылдығына орай коммунистік партиялардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.