Понедельник, 10 декабря 2018 10:31

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік қызмет жүргізіп жатқан меморган анықталды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

7 желтоқсан күні Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форум өтті. Форумға 600-ден астам адам қатысты, олардың арасында мемлекеттік органдардың жетекшілері, бизнес-құрылым, қоғам мен БАҚ өкілдері, аймақ жастары бар.

Форумның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы меморгандар мен қоғам қызметін қорытындылау болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент жетекшісі, Этика бойынша кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев өз сөзінде «елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзіндік моделі қалыптасқан.  Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық, алдын алу содан кейін барып жазалау негізіне құрылған. Жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы халықтың барлық тобы, шалғайда жатқан ауылдардың өздері білуі тиіс және оған өз үлесін қосулары тиіс» деді.

Форум аясында осы бағытта белсенді жұмыс жасап жүрген үздік меморгандар, әкімдіктер, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері,  жастар мен блогерлер марапатталды.

Облыстың қалалары мен аудандарында «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді. Оның мақсаты азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысына тарту болды.   Марафон қорытындысы бойынша Тереңкөл ауданы үздік болып танылды. «Адал еңбек» номинациясы бойынша облыстық Білім беру басқармасы үздік меморган атанды. Ал екінші орынды Мәдениет, мұрағат және құжат басқармасы, үшінші орынды Железин ауданының әкімдігі жеңіп алды. «Адал ұрпақ» номинациясы бойынша Шарбақты ауданының «Әділетті болашақ» тобы үздік деп танылды. 

Сонымен қатар павлодарлық журналистер де марапатталды. ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің бірінші хатшысы Гаухар Нұғманова құрамына кіретін облыстық арнайы мониторинг тобына да диплом табысталды.

PavlNagrazhd 6PavlNagrazhd 6PavlNagrazhd 6PavlNagrazhd 6PavlNagrazhd 6PavlNagrazhd 6

Прочитано 163 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.