Сейсенбі, 11 Желтоқсан 2018 10:49

Игі істер жасау үшін ниет қажет Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Екібастұз қалалық комитетінің белсенділері қаланың ірі сауда орындарында «Шапағат» халықтық жобасын іске асыру және мұқтаж адамдарға көмектесу мақсатында «Бірге жақсылық жасаймыз» акциясын өткізді.

Қалалық комитеттің коммунистері жақсылық жасау үшін жоғары табыс пен бос уақыттың қажет емес екендігіне сенімді. Ең бастысы әр адамда ниет болу керек. Бар болғаны өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға көмектесуге деген адал ниет жеткілікті. «Еріктілер бұл – ерікті түрде және қайтарымсыз көмек көрсететіндер. Егер сізге бұл миссия жақын болса, «Шапағат» халықтық жобасының еріктілер қатарына қосылғыңыз келсе, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Екібастұз қалалық комитетіне келіңіздер. Естеріңізде болсын, мейірімділік бұл – жоғары бағаланатын сапа», - деп коммунистер қала тұрғындарына үндеу тастады.

EkibastuzTvDobro 6EkibastuzTvDobro 6EkibastuzTvDobro 6EkibastuzTvDobro 6EkibastuzTvDobro 6EkibastuzTvDobro 6

Прочитано 327 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.