Дүйсенбі, 17 Желтоқсан 2018 09:48

Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

1993 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосылу туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан өз территориясын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады. Осы тарихи оқиғаға орай ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінде «Семей Полигон СКО»  мен «Союз Чернобыль» бірлестіктерімен кездесу өтті. Бұл бірлестіктердің құрамындағы азаматтар радиацияның не екенін және оның адам денсаулығына зардабын жақсы біледі.

«Семей Полигон СКО» ҚБ төрағасы Асхат Төлепбергенов Семипалатинск ядролық сынақ полигоны маңындағы радиациядан зардап шеккендердің бүгінгі мәселелері туралы айтып берді.  Жергілікті атқарушы билік «Семей Полигон СКО» ҚБ-нің сауалдарына жауап қайтармайды, сондықтан бірлестіктің төрағасы мен белсенділері  Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігі арқылы әрекет етуге шешім қабылдап отыр. 

«Союз Чернобыль» Солтүстік Қазақстан облысы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Юрий Лошкарев – 1986 жылы Чернобыль АЭС-да орын алған апат салдарын жоюға қатысушы. «Союз Чернобыль» бірлестігінің де билікке айтар өз ұсыныстары бар. Бұл ұсыныстар Чернобыльдағы ядролық жарылыстан зардап шеккендердің өмірін жақсартып, Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген сапалы және қолжетімді жеңілдіктер алуға мүмкіндік берер еді. Кездесуге қатысушылар аймақтағы экологиялық мәселелерге қатысты бағытта мемлекеттік органдармен жұмыс барысындағы ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар бірлесе отырып  халық арасында мәдени және ағартушылық іс-шаралар  өткізуге келісті.

SKORazoruzh 3SKORazoruzh 3SKORazoruzh 3SKORazoruzh 3SKORazoruzh 3

Прочитано 209 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.