Пятница, 14 декабря 2018 13:53

«Жақсылық жаса» акциясы кеншілер шаһарында Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

«Жақсылық жаса» акциясы барысында  ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің жетекшілері Теміртау қаласының екі мамандандырылған мекемесінде болып, жылы киімдер мен аяқ киімдер үлестірді. «Өмірдің қиын жағдайына тап болғандарға арналған бейәлеуметтендіру орталығы» мұндай көмекті ерекше ілтипатпен қарсы алды:

- Жылдың суық мезгілінде біздің қамқорымыздағы адамдарға жылы киімдер өте қажет. Партияға айтар алғысымыз шексіз, нағыз халықтық жоба!

 Қарағанды облысы кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығының директоры Айман Тлегенова да халық коммунистерінің көрсеткен қолдауына риза болды. 

- Бізді бюджеттен қаржыландырады, сондықтан біздің балалар үшін киім үш жылға бірақ алынады. Ол киімдер үлкен баллаардан кішкентайларға беріліп отырады. Әрине,  әр баланың жеке киімі болғанын қалаймыз. Сіздердің көмектеріңіз арқылы бұл арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Балаларға көрсетіп жатқан қамқорлықтарыңыз бен көңілдеріңізге рахмет! 

Айман Маратқызы қонақтарды Орталық жұмысымен таныстырып, оның жетістіктері мен мәселелері туралы айтып берді.

- Біз бұл мекеменің мәселелері мен мұқтаждықтарын өз көзімізбен көрдік, - деді ҚКХП Қарғанды ОК бірінші хатшысы Александр Зевахин. – Біз бұл мәселелердің оңтайлы шешілуіне барынша көмек көрсететін боламыз.

Бірінші хатшының айтуынша,  мекеме мен партия арасындағы ынтымақтастық және оған көмек көрсету жалғасын табатын болады.

KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14KaragShapagatDEC 14

Прочитано 92 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.