Среда, 28 ноября 2018 16:20

ШҚО-да әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері жөніндегі Президенттің бастамасын іске асыру барысы талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі қоғамдық бақылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

Жиын видеоконференция режимінде өтті. Тікелей байланыста Астана қаласынан ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов болды. Сонымен қатар отырысқа  Астана және Алматы қалалары мен облыс орталықтарының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен банк қызметкерлері қатысты. Жұмыс тобының отырысын іс-шара модераторы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы, жұмыс тобының үйлестірушісі Қаныбек Жұмашев ашты. Жиын күн тәртібіне сай өткізілді, барлық қатысушылар негізгі баяндамамен таныс болды. 

Прочитано 49 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.