Четверг, 27 декабря 2018 14:50

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Біздің Үкіметке шикізат ресурстарын ұқыпты пайдалану мәселесіне қатысты бұған дейін жолдаған сауалымыз әрекетсіз қалды.

Елімізде дайындау, өткізу және шикізатты қайта өңдеу саласында  қалыптасқан жағдай өтірікке құрылған, адамдардың әділдікке деген сенімдерін жойып қана қоймай, болашаққа деген үміттерін үзеді.

Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы 67 мың тонна жалпы жиналған мақтаның 60 мың тоннасы экспортқа жіберілген, бұл 89%-ды құрайды. Күнделікті өмірде жоғары сұранысқа ие жүн де көп мөлшерде шетелге жіберіледі (38 979 тоннаның 11206 тоннасы экспортталған). Елде шикізаттың үшінші бөлігі ғана қалады.

2017 жылы 2 846 миллион сойылған ірі қара малдың отандық өңдеуші зауыттарына 305 тері немесе 10,7% жеткізілген. Ресми мәліметтер бойынша, 102,6 мың тері немесе 3,6% экспортталған. Қалған 2 миллион өңделмеген мал терісі меморгандардың есебінде жоқ, оның басым бөлігі елден заңсыз жолмен шығарылған. Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы бұл туралы хабардар, бірақ екі жылдан бері бұл шикізатты экспорттауға тыйым салу шешімін қабылдағысы келмейді я болмаса қабылдай алмайды. Елдегі шикізат бағасы өте төмен, сондықтан шикізат дайындаумен айналысуға ешкімнің ниеті жоқ.

Қой жүнінің 1 кг 150 теңгеге бағаланады, түйеніңкі 250 теңге, ал Австралияда жүн 8-11$ немесе 3000 теңге тұрады, яғни 20 есе қымбат. Қаракөл қойы шаруашылығы мүлдем ұмыт болды.  Бір елтіріні 1000 теңгеге сатып алады, ал 5-6 теріден жасалынған өнім 50-70 мың теңге тұрады.

Бұл жоғары табысты бизнес екені белгілі, бірақ ол үшін малшылар мен мақташыларға қысым көрсетілмеуі тиіс.

Өндіріс кәсіпорындары шикізаттың жоқтығынан 2-3 жұмыс күн бос тұрады. Ал елімізге жыл сайын 5-6 триллион теңгеге шетелден тауар кіргізіледі. Ішкі нарықта жүздеген миллиард теңгеге халық тұтынатын тауарларды өндіру мүмкіндігі жоғалып жатыр.

Ауылды жерлердің қырық пайыз тұрғындары ЖІӨ 8% ғана өндіреді, ал Үкімет жұмыс орындарын құрудың амалдарын іздестіріп жүр. Біздің ойымызша, шикізатты жұмыс істеуге ниеті бар адамдарға беріп, олардың жұмысын ұйымдастыру қажет.

Бақытжан Әбдірұлы, Сізден шұғыл және мүлтіксіз түрде өндіріс ауқымын арттыру, дайындаудың анық және түсінікті жүйесін  құру және оны отандық кәсіпорындарда толыққанды пайдалану бойынша шара қабылдауыңызды сұраймыз.

«Халық коммунистері»

фракциясының мүшелері:

В. Косарев         

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

А. Қоңыров

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

26.12.2018 ж. жарияланды

Прочитано 96 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.