Среда, 26 декабря 2018 13:34

Қостанайлық коммунистер коммуналды монополистермен кездесулер өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің хатшылары халыққа коммуналды қызмет көрсететін қаланың монополистерімен кездесулер өткізді.   Кездесулер барысында коммуналды кәсіпорын өкілдері коммунистерді жеке тұлғалар үшін тарифтерді төмендету бойынша атқарылған жұмыс туралы хабардар етті. Сонымен қатар олардың жұмыстарына кедергі тудыртып отырған мәселелер туралы да айтылды.

«Қостанай Энерго Орталығы» ЖШС директоры Қайрат Биболов үнемделген 14 млн. теңге тарифтерді төмендетуге бағытталатындығын хабарлады. Өтінімдер мен есептеулер антимонополиялық комитетке бекіту үшін жіберліген. Жеке тұлғалар үшін тариф 10%-ға төмендетіледі деп күтілуде.

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК директоры Асқар Бекпағанбетовтың сөзінше, 2018 жылы үнемдеу құны 12 млн. теңгені құраған.  Тарифті 8%-ға төмендету жоспарланып отыр, себебі бұған дейін тариф 4% бекітілген. Сондықтан тарифті 12%-ға төмендету компания үшін қиын. Сонымен қатар компания басшысы газ жеткізу бойынша үлкен қарыз бар екендігін мәлімдеді. Халық арасында қызмет көрсету бойынша борышкерлер бар. Тарифті төмендету бойынша өтініш антимонополиялық комитетке жолданған.

- Біз жеке тұлғалар үшін тарифті 10%-ға төмендетуді жоспарлап отырмыз. Бұл жайында өтініш антимонополиялық комитетке жіберілді. Газ Ресейден әкелінеді, сондықтан оның бағасы жоғары. Келісім жеті жылға жасалынған, бағаны бірден өзгерту мүмкін емес, - деді «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ директоры Ескендір Каибжанов.

«Қостанай-Су» МҚК директоры Еркебұлан Файзулаев ақпаратты телефон арқылы ұсынды. Оның айтуынша, антимонополиялық комитеттке су тарифін төмендету бойынша өтінім жолданған. Тариф 10 пайызға төмендетіледі деп күтілуде.

Кездесулерді қорытындылай келе, қостанайлық коммунистер монополистер азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және өз қызмет тарифтерін төмендетуге дайын екендіктерін жеткізеді. Алайда көп нәрсе энергоресурстар мен газ тасымалына  байланысты. Қызметті жеткізу бойынша бағаны төмендету мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр.

KostMonoopol3KostMonoopol3KostMonoopol3KostMonoopol3

Прочитано 142 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.