Вторник, 25 декабря 2018 17:48

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім берудің жаңа стандарттары Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Осы тақырыпта 25 желтоқсан күні ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитеті дөңгелек үстел өткізді.

ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы С.Жарлығасымов өз сөзінде  барлық жастағы азаматтарды қамтитын өзіміздің алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру қажеттілігі туралы айтты.  Ол үшін білім беру мен педагог біліктілігін арттыру тәсілдерін қайта қарастыру қажет. Заманауи кезеңде қазақстандық білім беру жүйесінің басты мақсаты – жас ұрпақты ғылыми-зерттеу және кәсіптік-технологиялық ортаға біріктіру. Өзгерістер мектепке дейінгі білім беруден басталуы тиіс. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде әлеуетті дамыту үшін әлеуметтік дағды мен өздігінен білім алу дағдысын дамытатын балаларға арналған бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

- Мемлекеттік тілді жаңғырту қажеттілігі оның барлық бай әлеуетін ашуға септігін тигізеді. Латын әліпбиі тілдің рухани жаңғыру мен ұлттық бірегейлікті нығайтудың қуатты факторына айналуына көмектесуі тиіс. Қазақстан әлемдік ақпарат кеңістігіне бірігеді. Барлық сандық ресурстар әлемдегі барлық латын әліпбиін қолданушыларға қолжетімді болады. Дүниежүзінде барлық инновациялық жаңашылдықтар латын графикасында өндіріледі. Латын әліпбиіне ауысу ұзақ және қысқа мерзімді перспективада экономикалық табысқа қол жеткізеді, - деді өз сөзінде ҚКХП БҚОБ екінші хатшысы Н.Есенәлиев.

Айтылған шаралар мен міндеттердің  барлығы дамудың заманауи тенденцияларына  және Қазақстан экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға сай.

ZKOObrazov 4ZKOObrazov 4ZKOObrazov 4ZKOObrazov 4

Прочитано 180 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.